Қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары Сауд Арабиясына ет экспорттайды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауд Арабиясының Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер басқармасы арасындағы екі жақты белсенді ынтымақтастық нәтижесінде қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорны Сауд Арабиясына қой еті мен сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізілді. Олар: «Алтын қазық» ЖШС (Ақмола облысы), «Ақтөбе ет кластері» ЖШС (Ақтөбе облысы), «Empire Food» ЖШС (Алматы облысы), «Meat Processing and Service LLP» ЖШС (Алматы облысы), «Кублей» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы). Бұл туралы «АгроИнфо» АА ҚР АШМ баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Бұған дейін 2021 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында Сауд Арабиясының ветеринариялық қызметінің мамандары қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорнына инспекция жүргізген болатын.

Осылайша, отандық кәсіпкерлер басқа елдердің аумағында қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін өткізудің жаңа нарықтарын игеруді жалғастыруда.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы