Қазақстан-Венгрия қоры Қазақстанның АӨК-нің кезекті жобаларына инвестиция салады

Тікелей инвестициялардың Қазақстан-Венгрия қоры Ақмола облысындағы тауарлы-сүт фермасына инвестиция жасауды жоспарлайды. Тиісті меморандумға Астанада өткен «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумның  барысында қол қойылды, деп «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі.

Құжатқа сәйкес Aina Holdings B.V.  біртұтас холдинг компаниясын құру және 1 500  басқа дейінгі ірі қара малды сиғызатын және қуаттылығы жылына 4 000 тонна сүт сүт-тауарлы фермасы бар  «Айна» сүт фермасы» ЖШС қатысу үлесін сатып алу болжанады.  Компанияны дамыту жөніндегі жоба шеңберінде ферманың қуаттылығын ұлғайту және табиғи сүт өндірісін арттыру мақсатында  Венгриядан жаңа мал басын сатып алу болжанады.

Фото: пресс-служба АО «Холдинг «КазАгро»
Фото: пресс-служба АО «Холдинг «КазАгро»

 «ҚазАгро» холдингі Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малеловтің айтуынша, елдің аграрлық секторына инвестициялар тартудың осындай құралы шетелдік инвесторлар үшін қызығушылық танытады және мәміледегі венгрия элементінің болуы халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың жақсы дәлелі болып табылады.

Биылғы жылы Қазақстан-Венгрия қоры FoodVentures (Голландия) және “Green Capital Kazakhstan”  ЖШС (Қазақстан) компанияларымен бірлесіп Ақтөбе облысында алаңы 20 га қазіргі заманғы жылыжай кешенінің құрылысына 12 млн АҚШ долл. инвестиция жасады.  Инвестиция сомасы Қазақстан тарапынан 6 млн АҚШ доллар және шетел инвесторларынан  6 млн АҚШ доллар құрады.

Қазақстан-Венгрия қоры ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша 2015 жылы Hungarian Export-Import Bank (Венгрияның Эксимбанкі) қатысуымен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен құрылды. Қордың мақсатты міндеті Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру болып табылады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы