Қарағандылық кәсіпкер жердің құртынан табыс тауып отыр

Калифорния құрты қарағандылық кәсіпкер Нұрбек Оралов үшін табыстың көзі болып отыр. Ол сәуір айында ауласынан арнайы орын дайындап, құртты өндіріске жіберген. Одан алған биогумус егістік жердің құнарын арттырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: inform.kz

Калифорниялық жердің құрттары шіріген органикалық заттарды «жеу» арқылы жердің құра­мын гумуспен байытып, құнарлы қа­ра топыраққа айнал­дырады.

Оған күнделікті төрт түліктің тезегін салып қорытады. 4 айда өнім пайда болады.

«Ютуб арқылы қарап тауып алдым да, содан былтыр шілде айында бастадым. Содан екі қорабын алып, тәжірибе жинадым. Кейін Казверм деген коператив ашылды Алматыда. Соған қабылданып, оқуын оқып сертификат алдық», – дейді кәсіпкер Нұрбек Оралов.

Калифорния шылаушыны көн астында 16 жыл өмір сүреді. Тыңайтқыш өндіру процесін тоқтатпайды.

Биогумуска айналған соң топырақ арнайы үккіштен өтеді. Былтыр кәсіпкер 30 қап тыңайтқыш шығарған.

Сатып еңбегінің жемісін көріпті. Енді биыл кәсібінің ауқымын кеңейтпек.

Фото: inform.kz

«990 млн Қазақстанның гектар жері тозып кеткен. 30 млн гектар жер мүлдем жарамсыз болып қалған. Қазір мынау селитра деген минералды тыңайытқыш адам өміріне зиян. Ол – химиялық тыңайытқыш. Ал мынау табиғи таза тыңайтқыш», – дейдң кәсіпкер.

Нұрбек Ораловтың бақшасында көкөніс, жеміс-жидектер баршылық.

Құнарландыру әдісімен алынған топыраққа қияр, қызанақ, қырыққабат, сәбіз, қызылша еккен. Биыл мол өнім күтіп отыр.

«Мына бізде қалай? Aуылдарда мысалы малдан шыққан көңді шығарып тастап жатады. Бұрын бақшаға жайып пайдалануға болатын. Қазір халық түсінбей барады мұны. Бұл негізі келешегі зор бизнес. Бәсекелес деген болмайды, сататын жерлер деген жетеді. Әр қазақ айналысса табысқа жетер еді», – дейді Нұрбек Оралов.

Кәсіпкер осы бизнестен мемлекеттен қолдауға ие болды.

2 пайыз жеңілдікпен несие алды. Оның үстіне биогумуска субсидия да беріле бастаған.

Бұл – бабын білгенге жер құрты да байлық береке екенінің көрінісі.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы