Қ. Тоқаев: Азық-түлік қауіпсіздігі түбегейлі шешілуі тиіс

Соңғы жылдары қуаңшылықтың салдарынан жиналған астық көлемі 4 млн тоннаға кеміді. Бұл шикізат және жемшөппен қамту ісіне әсер етпей қоймады. Президент үкіметтің отырысында ауыл шаруашылығына ерекше назар аудару керегін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Болжам бойынша биыл да ахуал күрделі болуы мүмкін. Сондықтан үкімет тұқыммен, жем-шөппен, тыңайтқышпен қамту ісін және егін егу науқанын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Осыны айтқан Мемлекет басшысы субсидия мәселесіне жеке тоқталды. Бұған дейін де субсидиялау тетігін қайта қарауға тапсырғанын еске сала отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмысты қысқа мерзімде атқаруды жүктеді. 

«Субсиядияның қолжетімдігі мен оны алудағы процедураның ашықтығын қамтамасыз ету керекпіз» деді Президент. Үкімет пен барлық әкімдердің алдында алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу міндеті тұр. Егер нарықта азық-түлік мол болмаса, инфляцияны ұстап тұруға еш амал көмектеспейді, деді Президент.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы