Ғалымдар күріш алқабын азайтуды ұсынды
«Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында су тапшылығына байланысты күріш алқабын қысқарту керек, деп хабарлайды 24KZ.

Жаңақорған мен Шиелі аудандарының тұсындағы өзен арнасында тоспа жоқ. Сондықтан мол су қажет ететін күріштің орнына басқа дақыл еккен жөн», – дейді ғалымдар. Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты мамандарының айтуынша, су үнемдеу үшін, алқапты лазермен тегістеу жеткіліксіз. «Гидротехникалық құрылғыларды автоматтандырып, су есептеу құралдарын орнатып, каналдарды тазалау керек», – дейді олар. Одан бөлек, топырақтағы ылғалды сақтайтын заманауи тыңайтқыштар мен күріштің тез пісетін сорттарын алған дұрыс.
Жанұзақ Байманов, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғзи төрағасының орынбасары:
– Қызылорда облысы бойынша ауыспалы егістің жалпы көлемі 50 пайыздың көлемінде ұстап отырсақ, топырақтың тұздану процестерінен сақтануға мүмкіндік тудырады. Себебі Қызылорда облысында топырақ өте тұзданған. 190 мың гектардай жер болса суармалы оның 90-95 пайызы тұзданған. Оларды шаю арқылы екпесе, басқа дақылдар да шықпайды.















