Ет экспортын арттыру үшiн ветеринария саласын жетiлдiру қажет – Шөкеев

Қазақстандық ет экспортын арттыру үшiн ветеринария саласын жетiлдiру қажет. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрi Өмiрзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бiз өсiмдiк шаруашылығына қарағанда мал шаруашылығында өнiмдiлiк жоғары екенiн түсiнемiз. Сондықтан бiзге мал шаруашылығын дамыту керек. Елiмiзде бұл үшiн барлық жағдай бар. Жанымызда Ресей мен Қытай сияқты екi iрi нарық бар. Қытайға 1 млн тоннадан астам өнiм жеткiзiледi және бұл көрсеткiш жыл сайын 10 пайызға артып отыр. Сиыр етiн жеткiзедi. Ал, Ресей 700 мың тонна өнiм алады. Бiзде жайылым жерлер мен осы салада жұмыс iстей алатын адамдар бар. Кейбiр елдер мал бағу үшiн адамдарды да сырттан жалдайды. Бiзге бұл қажет емес. Бiз осы саланы дамыта аламыз. Елiмiзде асыл тұқымды мал саны да 300 мыңға артты. Бұл көрсеткiштi арттыру керек», – дедi Шөкеев.

Министрдiң айтуынша, Қазақстанда еттi мал шаруашылығын дамыту үшiн бiрiншi кезекте ветеринария саласын дамыту керек.

«Ветеринария – бұл қауiпсiздiк мәселесi. Бұл жүйе қатал болуы тиiс. Дамыған ветеринария саласынсыз ет экспорты туралы айтудың да қажетi жоқ», – деп түйiндедi Өмiрзақ Шөкеев.

Фото: ©Waldrebell / pixabay.com
Фото: ©Waldrebell / pixabay.com

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы