Делдалдардың асығы алшысынан түсуде

Жұмыртқа өндірісі бойынша өзімізді 100 пайыз қамтысақ, ал құс етін тұтынуда әлі де сыртқа алақан жайылады. Саланы қамшылауға отандық асыл тұқымды құс шару­ашылығының кенжелеуі қолбайлау болып отыр.

 Көбейтуге басымдық берілуі тиіс

Нәтижесінде асыл тұқым­ды тәуліктік балапандар мен жұмыртқа сырттан дор­баланады. Оның құны қал­таны қағатынын құс өсіруші­лер алға тартуда. Дәйектері­не сүйенсек, өткен жылы етті бағыттағы балапанның біре­уіне 1200 теңге жұмсалған. Ал биыл баға 3 мың теңгеге шарықтады. Оған тап болған құс өсірушілер отандық асыл тұқымды материалды көбей­ту қажеттігін құптайды.Әзірге жұмыртқа бағытында елімізде тек 4 асыл тұқымды шару­ашылық бар. Бірақ мұның өзі таршылық етеді.

kurica-i-yaica– Асыл тұқымды құстың шығыны көбірек екеніне келі­семін. Біз оларды көбейтуіміз қажет, яғни ата-аналық табын­ды сатып алған ләзім. Алай­да бұл ретте өзіміздің крос­старымызды шығарып, ғылым­ды дамытудың еш мәні жоқ. Оның сұранысқа ие болуы екі­талай. Қыл аяғы біздің құс өсі­рушілердің кроссқа талаптары әрқилы. Қандай асыл тұқым­ды балапандарды немесе жұмыртқаны сатып алу қажет­тігі бойынша ортақ талаптар жоқ. Ал оны көбейту мүмкін­дігі бар. Біз оны қолдап, бас­тамашылдық танытқандарға қомақты инвестициялық деме­уқаржы ұсынуға әзірміз. Ата-аналық табынды сатып алып, оны өзімізде көбейтсек, тасы­малдау шығынан құтыламыз, – деп мәселенің мән-жайын Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков жіпке тізді.

Бәсекелестікті қам­шылаған жөн

Отандық тауарлардың құны тұтынушылардың қалтасын қағады. Бірақ кіріске тауар өндірушілер емес, делдал­дар кенелуде. Соңғы тарап­тың қитұрқы әрекетінен ауыл­шаруашылық өнімнің бағасы шарықтайтын көрінеді.Мәсе­лен, сауда сөрелеріне жол тартқан жұмыртқаның құны екі есе қымбаттайды. Құс өсіруші­лер сауда-саттықта қара қыл қақ жарылмағанына налиды. «Неліктен бізден 18 теңгеге сатып алынған жұмыртқаны сату үшін оның бағасына тағы 18 теңге қосылады?» – деп шүйлікті «Ижевское» ӨК басшысы Ибрагим Жангура­зов. Оның бұйымтайын шешу­дің амалы бәсекелестік ортаны қалыптастыруға тіреледі. Шен­ділердің пікірі осыған саяды.

– Нәтижесінде делдалдар кенелетін қомақты кіріс көлемі азаяды. Тауар өндірушіде өнді­рістің тиімділігі 10% құрайды. Сонымен қатар ол бәсеке­лестікті қорғау қызметінің қатаң бақылауына алынады. Тыңайтқыштарды өндіретін 2 зауытымыз монополияға қар­сы комитетпен келіспей, оның бағасын көтерді. Бізде 60 құс шаруашылығы болса, олардың барлығына да монополияға қарсы инспекторлар қысым көрсетеді. Бағаны сәл көтер­сең, өзара келісу және өнім құнын көтеру деп айыптап, кесірінен миллиондаған айып­пұлдар салынады. Бұл рет­те саудадағы бәсекелестікті дамыту қажет. Бірақ біз қол қусырып отырмыз. Қалалар­ды дамыту жоспарында сау­да-саттыққа арнайы орындар қарастырылмайды. Сондықтан өнім өндірушілер оны шектен тыс қымбат бағамен сатып алып, бұл сауда кәсіпорнының өзіндік бағасына әсер етіп, жалдау құнында көрініс таба­ды. Сауда-саттықты, логисти­каны дамыту қажет. Сонда ғана шығындар азайып, сауда бизнесінің маржиналдық кірі­сі төмендейді, – деп мәселенің жай-жапсарын еліміздің бас аграрийі тергіштеді.

2015 жылдың деректерін тергіштесек, жер-жаһанда өндірілген еттің көлемі 310 млн. тоннадан асып жығылған. Оның 37% иеленген шошқа шаруашылығы көшті ба­стап келеді. Соңынан 110 миллион тоннаны бағындырған құс шаруашылығы ілескен. Үштікті 31 пайызбен ірі қара етін өндіруші­лер түйіндейді. Сәуегейлер 2050 жылға қа­рай көрсеткіш еселейтінін алға тартады. Болжамға сай құс етінің өндірісі бірінші орынды иеленбек. Ал бүгінде оның көле­мі 296 млн тоннаны құрайды. Елімізде де кәсіптің бұл түріне ден қойғандардың қа­тары қалың. Бірақ әлі де өзімізді отандық құс етімен 100 пайыз қамтамасыз ете ал­май отырмыз.

Венера Мұстафина

Ссылки по теме:

Японцы вывели курей, которые производят яйца без аллергена

Құс өсірушілер жаңа жылға үміттеніп отыр

Мамытбеков на лимонах и яйцах объяснил неэффективность субсидий

Құсқа арналған азықпен қамдандық па?

В Башкирии откроется новый инкубатор

Казахстанские птицеводы снова обращаются к Правительству

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Что чаще всего воруют рабочие вашего сельхозпредприятия?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы