«Биохимге» биыл жан бітпек

«Қырдағы ғажайып» атанған «Биохим» зауытының екінші тынысы тек биылғы жылдың соңына таман ашыл­мақ. Қайта қалпына келтіру жұмыстарының сағызша созылуына инвестордың ауысуы әсер еткен.

96544457Теңдессіз кешеннің қазығы 2006 жылы теріскейде қаланған. Оған дәнді дақылдарды терең және жоғары технологиялық тұрғыда қайта өңдеу жүгі артылды. Қоршаған ортаға зияндылығы төмен био отынды астықтан алу діттелген. Бірақ бірегей жоспар­лар қағаздан ары аспады. Оған өнімді өткізудегі келеңсіздіктер кесірін тигізген көрінеді. 5 жылдан бері тұралаған «Биохимге» қыруар қаржының жұмсалуын ескерген атқарушы билік оны қай­та аяққа тұрғызуды ұйғарған-ды. Солтүстік Қазақстан облысының тізгінін ұстаған Ерік Сұлтанов 2014 жылғы баспасөз мәслихатын­да «қырдағы ғажайып»2015 жылдың алғашқы жарты жылдығын­да іске қосылатынын тілге тиек етті. Бірақ межеленген мерзім шегерілген. Атқамінерлердің уәжіне сүйенсек, бар гәп инвестор­дың ауысуына тіреледі.

– 450 адам жұмысынан айырылған еді. Біз келіскендей, жақын арада «Самұрық-Қазына Инвест» оны инвестициялық комитет­тің қарауына шығарады. Осы орайда тиісті шешім қабылданып, кешенді қалпына келтіру жұмысы басталады деп үміттенемін. Біздің есептеуіміз бойынша кешен биыл желтоқсан айына дейін іске қосылып, 450 адам қайтадан жұмыстарына оралады, – деп мәселенің мәнісін облыс әкімі жіпке тізді.

Сан соқпас үшін «Биохимнің» өнімін өткізудің амалдары пысықталған. Кешенде шығарылған биоэтанолды Павлодар мен Шымкент қалаларындағы мұнай өңдеу зауыттары кәдеге жара­тпақ.

«Бұл зауыттар бүгінде жаңғыртылуда. Келесі жылдың қаңтар-ақпанында зауыт Еуро-5 және Еуро-6 бензинін өндіруге кіріседі. Оның арқасында біздің биоэтанол толық көлемде пай­даланылатын болады. Сонымен қатар зауытта 7-8 ілеспе өнім шығарылады. Олардың барлығы да бәсекеге қабілетті болмақ. «Биохим» еліміздегі тиімділігі жоғары кәсіпорынға айналады», – деп сендірді Солтүстік Қазақстан облысының басшысы.

Венера Мұстафина

Ссылки по теме:

Комбикормовые заводы Казахстана загружены всего на 40% – глава МСХ

«Биохим» зауытының бағы ашыла ма?

Завод по переработке солодкового корня появится в Жамбылской области

Завод по производству агрохимической продукции запустили в СЭЗ «Павлодар»

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы