Бидай тасымалдау шығындарының құнын арзандатуға берілетін субсидия көлемі жарияланды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Азық-түлік астығын тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары» қаулысының жобасын әзірледі. Құжат ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды, деп хабарлайды Kazinform.

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөздерден алынды

Қағидаға сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі бюджеттік субсидиялар төлеуді жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі саналады. Ал оператор – ұлттық теміржол компаниясы айқындаған астық тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жеткізушілерге көліктік-экспедиторлық тасымалдау қызметтерін көрсететін заңды тұлға. Өнім беруші – астықты Қазақстан Республикасының аумағынан өткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

Бюджеттік субсидиялар бірыңғай операторға азық-түлік астығын тасымалдауға байланысты нақты көрсетілген қызметтер үшін төленеді. Бюджеттік субсидияларды төлеуді бидайды тасымалдау кезінде жеткізушілердің шығындарды жүзеге асырғанын растайтын құжаттар негізінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады:

Ресей Федерациясының аумағы арқылы қара және Балтық теңіздерінің Ресей порттарының бағытына бір тонна үшін 20 000 теңге мөлшерінде транзитпен;

Ресей Федерациясының, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Эстония Республикасының аумағы арқылы Балтық теңізі порттарының бағытына бір тонна үшін 20 000 теңге мөлшерінде транзитпен;

Қытай Халық Республикасы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бағытына бір тонна үшін 20 000 теңге мөлшерінде транзитпен;

Түрікменстан арқылы Ауғанстан Ислам Әмірлігінің бағытына бір тонна үшін 20000 теңге мөлшерінде транзитпен;

Әзірбайжан Республикасының, Грузияның, Армения Республикасының бағытына бір тонна үшін 20 000 теңге мөлшерінде;

Иран Ислам Республикасының бағытына бір тонна үшін 20 000 теңге мөлшерінде бекітіледі.
Қаулы жобасы 7 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады және 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі. Сонымен қатар 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданыста болады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы