Бекіре – 2024: Браконьерлерге «қамқоршылық» көрсететін лауазымдылар анықталуы мүмкін

Атырау облысының полицейлері «Бекіре – 2024» кең ауқымды балық қорғау акциясына белсене кірісті. Тәртіп сақшылары браконьерлерге «қамқоршылық» танытатын лауазымды адамдарды анықтауды көздеп отыр, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: inform.kz

«Үш облыс аумағында 1 сәуірде басталған «Бекіре – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасының көздеген мақсаты анық. Бұл – балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау, браконьерліктің жолын кесу. Акция кезінде республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдың бойында мобильді бекеттер жұмыс істейді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция Атыраудан Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Ресейдің Астрахань облысы бағытындағы жолмен жүретін көліктерге бақылау жүргізеді. Мұндай бақылаудан Индер ауданына, Исатай ауданындағы Жанбай, Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылына қатынайтын жол да тыс қалмайды.

«Балық қорғау іс-шарасы кезінде шекара маңындағы мемлекеттердің тиісті органдарымен ынтымақтастық шеңберінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекетінің алдын алуға, жолын кесуге, заңсыз ауланған балық өнімдерін сатып алу және сату нарығын жоюға баса мән беріледі. Браконьерлерге «қамқоршылық» көрсететін лауазымды адамдарды анықтауға бағытталған арнайы жедел-іздестіру іс-шарасы өткізіледі», – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы