Батыс Қазақстанда 145 млн теңге субсидия заңсыз берілген

БҚО прокуратурасы агроөнеркәсіп кешенінде 2020 жылдан бергі кезеңде субсидия төлеуге бөлінген бюджет қаржысын жұмсаудың заңдылығын тексерді, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Талдау барысында анықталғанындай, кейбір кәсіпкерлерге субсидия заңсыз берілген, сондай-ақ бірқатары техника мен мал бойынша міндеттемелерін орындамаған.

Атап айтқанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтінім берген сәтте шаруашылықтағы аналық мал басынан тумаған бордақылау алаңдарына немесе етті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілген немесе орнын ауыстырған бұқашықтар мен қошқарлар субсидиялауға жатпайды.

Соған қарамастан, осы талапқа сай келмейтін 13 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге мал бағасын арзандатуға 25 млн теңге көлемінде субсидия төленген.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидия төленген тауарлы аналық мал басын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны анықталды. Мысалы, «D» шаруа қожалығы 250 бас сиырға селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізу үшін 2,5 млн теңге субсидия алған. Бірақ есепті мерзім біткенге дейін аталған қожалық 92 аналық мал басын есептен шығарған.

— Барлығы 163 қожалық ірі қара басын сақтау жөніндегі міндеттемелерін орындауға қатысты 127 млн теңге көлемінде бұзушылыққа жол берген. Сондай-ақ, ұсақ мал басын сақтауды қамтамасыз етпеген 21 қожалық 12 млн теңгеге бұзушылыққа барған. Бұзушылықтардың қорытындысы бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына 145 млн теңге субсидияны мемлекетке қайтару жөнінде қадағалау актісі енгізілді. Әзірге соның 8,3 млн теңгесі қайтарылды. Қалған 127 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қатысты аталған басқарма талап арызды сотқа беруді әзірлеуде, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да субсидияға берілген 20 млн астам теңгенің мақсатсыз пайдаланылғанын жазған болатынбыз.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы