Байшуақта көкөніс қоймасы салынды

Байшуақ ауылында картоп қоймасы салынды, деп хабарлайды 24kz. Бұл жобаның жалпы құны 1 миллиард теңгеден асады. Қымбат болу себебі – нысанның қабырғасы бетон. Көкөністі бөлшектеп, сұрыптап жинайтын кешенді желісі бар. Онысы толық автоматтандырылған.

Фото: 24KZ

Мағауия Қалиев, тілші:

– Бейімбет Майлин ауданы картоп өндіруден өңірде көш бастап тұр. Былтыр жергілікті шаруашылықтар 300 гектар жерден 8 мың тоннадан астам өнім алды. Берісі Қостанай, Ақтөбе, арысы Өзбекстанға дейін сатты. Көкөніс алқабын әлі де кеңейтіп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік бар. Тек оларды қыс бойына сақтайтын қойманың жоқтығы қолбайлау жасайтын. Бұл мәселе биыл шешімін тапты. Байшуақ ауылында бас-аяғы екі-үш айдың ішінде сыйымдылығы 6 мың тонна қойма салынды.

Олег Скаскевич, шаруашылық директоры:

– Бұл қойма бетоннан салынған. Бүкіл Қазақстанда мұндай нысан некен-саяқ. Үлкен көлемді көкөністі шағын аумақта аз шығынмен сақтайтын елде әрі кетсе екі-үш қойма бар шығар.

Сұрыптап, бөліп қаптайтын автоматтандырылған желі, температураны реттейтін желдеткіш жабдықтары Германия, Нидерландыдан әкелінген. 1 миллиард 200 миллион теңгеге бағаланған жобаның арқасында ауданда егістік алқабын екі есе арттыру мүмкіндігі туып отыр.

Олег Скаскевич, шаруашылық директоры:

– Бізде суармалы жер көлемі 1700 гектарға жетті. Осыған дейін 850 гектар болған еді. Биыл тағы 850 гектарға жаңбырлатып суаратын қондырғылар орнаттық. Одан бөлек иелігімізде суарылмайтын 8 мың гектар жер бар. Болашақта оларды қамтысақ деген ой бар.

Қойманың орналасқан жері логистикалық тұрғыдан өте қолайлы. Республикалық маңыздағы тасжолы, темір жол тиіп тұр.

Азатхан Шоқпатов, Б. Майлин ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– Байшуақ ауылдық округі Рудный қаласымен шекаралас жерде орналасқан. Ол жерде трассалық жол торабы бар. Соған байланысты облыс орталығына, одан бөлек, басқа қалаларға, аудандарға. Осы Бейімбет Майлин ауданынан шыққан картоп және көкеніс өнімдерімен қамтасыз ету үшін өте ыңғайлы.

Алдағы екі-үш жылда 20 гектарды алып жатқан бұл аумақта картоп, көкөніс сақтайтын тағы екі қойма салу жоспарланып отыр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы