Бөдене қазаққа таңсық емес

Кәсіптің бұл түрі арқылы айлығы мен шайлығын айыратындардың қатары қалың­дауда. Шамамен 80 шаруашылық бөдененің еті мен жұмыртқасын өндіруге ден қойған. Талай дертке дауа өнімдерге сұраныс еселенген. Құс өсірушілер оның нәсібі мол екендігін алға тартады.

Жер-жаһанда бөдененің 20 түрі бар. Олардың бірі еті мен жұмыртқасы үшін бағала­нады. Екіншілері, тек сәндік мақсатта кәдеге жаратылады. Алғашқы нұсқаның тамырын басқандардың саны басым. Қаржыға қомағай кәсіпті отан­дастарымыз дөңгелетуге бекін­ген. Теріскейлік жас та бағын сынауды ұйғарды. Әуелі қағаз­дағы жобасын «Мемлекеттік грант» байқауына жолдады.

Сыннан сүрінбей, 1,5 млн тең­ге көлеміндегі жүлдені иеленді.

Қаржыны жобаны іс жүзін­де жүзеге асыруға жұмылдыр­ды. Алексей Косарев нарықта 400-ден 900 теңгеге дейін баға­ланатын құстың аналығынан гөрі оның жұмыртқасын сатып алудың тиімді екендігін алға тартады.

«Бөденені өсіру кәсібінің артықшылықтары бір төбе.

Біріншіден, жұмсалған шығынның ақталуы көп күттірмей­ді, тиімділігі де жоғары. Мәсе­лен, құстың 500 басын өсіре­тін ш аруашылық е кі а й і шін­де тартылған қаржының орнын толтырады. Екіншіден, бөдене­ні өсіру технологиясы өте қара­пайым. Бір шаруашылықтың тасын өрге домалатуға екі адам да жеткілікті. Үшінші­ден, оның балапандары 30-40 күннен кейін жұмыртқалайды. Оның әрқайсысынан бір жылда кемінде 280 жұмыртқа жина­лады. Бұл ретте әуелі өткізу нарығының кілтін табу қажет, – дейді Алексей Косарев.

Бұл оның кәсіпкерлікте­гі алғашқы қадамы. Құсқа арналған торларды өз қолымен жасаған. Ал қажетті азықты дайындау амалын үйрену үшін ғаламтор беттерін парақтаған.

28 жастағы Антонов­ка ауылының тұрғыны бөде­не шаруашылығының артық- шылықтары мен кемшілік­терін зерделеген. Соңғысы­на қарағанда алғашқысының мысы басым. Енді кәсіптің көзін тапқан солтүстікқазақстандық жас оның аясын кеңейтуді діт­теп отыр. Еншісіндегі, құстың санын 1500-ге жеткізу меже­ленген. Нәтижесінде күніне 1 мыңға жуық жұмыртқа жина­лады. Оның бір данасы 6 теңге­ге өткізілсе, жас кәсіпкер күні­не 6 мың теңгеге жуық кіріске кенеледі. Кәсіпкер шаруаның бүге-шігесін бағамдап, шығын­дар мен табыстардың есеп-қи­сабымен қамданған. Ол асығы алшысынан түсетініне үмітті.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    От чего в наибольшей степени зависит размер урожая?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы