БҚО-да киіктерді әуеқорғау шарасы өтіп жатыр

Ү. ж. 15 тамызынан 1 қыркүйекке дейін Батыс-Қазақстан облысында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге киіктерді әуеқорғау іс-шараларын өткізіп жатыр.

avia-oxrana-saigakovӘуеқорғау шаралары қыркүйектің 15-нен қазанның 15-не дейін БҚО, қазанның 1 мен 20-сы аралығында Қостанай облысында, ал Ақмола және Қарағанды облыстарында 20-сы қазаннан 10-шы қарашаға дейін өтеді. Осы шаралардан басқа, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті арқарларды, қарақұйрықтарды және құландардың әуесанағын өткізуді жоспарлап отыр.

Үстүрт арқарын және қарақұйрықтардың санағы Маңғыстау облысында қазанның 3-нен 17-сіне дейін өтеді. Ал Жамбыл облысында 24 қазаннан 7 қараша аралығында қарақұйрықтардың және құландардың есебі өтеді.

Айта кетсек, киіктердің санағы осы жылдың 18 сәуірінен 3 мамырға дейін өткізілді. Әуесанаққа «Охотзоопром «ӨБ» Республикалық Мемлекеттiк Қазыналық Кәсіпорны, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы, «Казавиаспас» АҚ өкілдерінің, АҚТА жұмыскерлерінің қатысуымен өтті.

2016 жылдың санағы бойынша Қазақстандағы киіктердің саны 108300-ге жетті. Оның ішінде бетпақдала киігінің саны 36 200 дара, орал киігі – 70 200 дара, үстүрт киігінің саны 1 900 дараны құрайды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Ссылки по теме:

По результатам авиаучета численность сайгаков в Казахстане составила более 108 тыс. особей

В ЗКО, Актюбинской и Кызылординской областях продолжается отстрел сайгаков, – МСХ РК

Браконьерство на сайгаков приобрело форму организованной преступности

Борьба с браконьерством продолжается

В Уральске осужден полицейский за утрату вещдоков – изъятых рогов сайги

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Что чаще всего воруют рабочие вашего сельхозпредприятия?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы