Ауыл шаруашылығында ескі тәсілдермен өнімділікті арттыру мүмкін емес – Мәулен Әшімбаев

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын субсидиялау және агросекторды қаржыландырудың тиімді тетіктерін қалыптастыру қажет. Бұл туралы елордада «Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі» тақырыбында өтіп жатқан парламенттік тыңдауда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды «24KZ».

Иллюстративный коллаж: АгроИнфо / Фото из открытых источников

– Жалпы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің аграрлық және экономикалық саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Өздеріңізге белгілі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге үнемі баса мән беріп келеді. Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу қажет екенін айтты. Президент бұл Үкімет пен әкімдердің алдында тұрған негізгі басымдық екеніне де айрықша тоқталды. Сондықтан осы мәселені парламенттік тыңдаудың күнтәртібіне шығарып, жан-жақты талқылауды жөн көрдік. Азық-түлік қауіпсіздігін толыққанды қамтамасыз етуге еліміздің барлық мүмкіндігі бар. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Президент аграрлық саланы одан әрі дамытудың стратегиялық бағыттарын белгілеп берді. Шын мәнінде, еліміздің бұл салада әлеуеті зор, – деді М. Әшімбаев.

Осы орайда ол Қазақстан егістік жерлер мен жайылымдар бойынша әлемде алтыншы орын алып отырғанын еске салды. Сондай-ақ еліміз бидай экспорттаушы елдердің алғашқы ондығына және ұн экспорты бойынша көшбасшылар қатарына кіреді.

– Сонымен қатар, қазір тамақ өнімдерін өндіру саласы елімізде дәйекті түрде дамып келеді. Бұл бағыт өңдеу өнеркәсібінің шамамен 14 пайызын құрайды. Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі екі есеге жуық өскенін де атап өткен жөн. Алайда осындай әлеует пен артықшылықтарға қарамастан, қазіргі таңда еліміздің ауыл шаруашылығы саласында бірқатар өзекті мәселе бар. Оны ашық айтуымыз керек. Азық-түлік импорты да аз емес. Ең алдамен, саланың өнімділігін арттыру мәселесі аса маңызды. Жалпы, еңбек өнімділігінің төмен болуы түрлі себептерге байланысты. Оның ішінде техникалық жабдықтаудың жеткіліксіздігі және ауыл шаруашылығында заманауи инновациялық технологияларды тиісті деңгейде пайланбау мәселелері бар. Бұл салада негізгі техниканың тозуы шамамен 40 пайызды құрайды, ал жаңарту коэффиценті тек 10 пайызға тең. Сондай-ақ қолданыстағы техниканың 70 пайызының пайдалану мерзімі 10 жылдан асады. Тозған жабдықтармен және ескі тәсілдермен, инновациясыз өнімділікті арттыру мүмкін емес екені сөзсіз. Сондықтан бұл бағытта жағдайды өзгерту үшін нақты қадамдар қажет деп есептейміз, – деді Сенат төрағасы.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы 2028 жылы елімізде өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70 пайызға дейін жеткізуді міндет етіп жүктеді. Осы бағытта. Мемлекеттік органдар тиімді әрі нақты қадамдарды жүзеге асыруы керек. Ол үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын субсидиялау және агросекторды қаржыландырудың тиімді тетіктерін қалыптастыру қажет. Осы бағытта Үкімет жағынан белсенді жұмыс жүргізілуі тиіс.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы