«Ауыл аманаты» жобасы кәсіпкерге қандай мүмкіндік береді

«Ауыл аманаты» – ауылдарды сақтап қалуға мүмкіндік беретін ауқымды жоба. Кеше Премьер-Министр Әлихан Смайылов аталған жобаны іске асыру бойынша жетекші өңірлердің бірі – Ақтөбе облысына сапарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: inform.kz

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі «Ауыл аманаты» жобасының мүмкіндіктері туралы мәлімет ұсынды.

«Ауыл аманатының» аясында қолға алынып отырған іргелі жобалардың бірі – «Тауарлы несие» бағдарламасына ауыл тұрғындарының сұранысы жоғары. Бұрын-соңды болмаған тауарлық несиенің мақсаты – мал басын өсіру және ұлғайту. Осы арқылы ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік ынта-жігерін, табыс табуға деген қызығушылығын арттыру.

Ауыл азаматтары үшін жобаның шартына қысқаша тоқталсақ:

– ірі қара малдың аналығы бес бастан;
– қой аналығы он бастан;
– биелер бес бастан бастап беріледі.

Осы несие түріне қол жеткізу үшін не істеу керек?

Біріншіден, тауарлы несие алғысы келген азамат жергілікті атқарушы органға қандай малдың түрі, қанша бас керектігін айтып, өтінім береді.

Екінші қадам, жергілікті атқарушы орган қарыз алушыдан тиісті құжаттарды алғаннан кейін тауарлық несие беруші операторды анықтайды.

Үшіншіден, тауарлы несиені мақұлданғаннан кейін қарыз алушы мен қарыз беруші арасында тауарлық несие беру туралы екіжақты шарт жасалады.

Тауарлы несиемен берілген малды мақсатты пайдалану

Алынған мал 7 жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Төлдердің белгілі бір мөлшері қарыз берушіге қайтарылады. Берілетін төл 50% аспайтындай болуы шарт. Тағы бір тиімділігі, несие берілген соң 1 жылға дейін каникул алуға болады. Бұл — бизнесті дамытып алуға жақсы мүмкіндік.

«Ауыл аманаты» жобасын іске асыру тәжірибесі барлық өңірге кеңінен таралуы тиіс. Биыл оған 100 млрд теңге бөлінді, соның есебінен ауылда көптеген кәсіпкерлік бастаманы қолдау жоспарланып отыр. Келесі жылы тағы 100 млрд теңге бөлеміз. Жобаның арқасында ауылдық елді мекендерде өмір сүру деңгейі айтарлықтай жақсармақ. Ақтөбе облысы – жобаны іске асыру бойынша жетекші өңірлердің бірі. Осы қарқынмен бұл жұмысты жалғастыру қажет», – деді кеше Ақтөбе өңіріне сапарлаған Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.

Жоба туралы өзге мәліметтер

Барлық процесс мемлекеттік жауапты мекемелердің қатысуымен жүргізіледі. Мысалы, аудандардың, ауылдық округтердің әкімдері, ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган және қарыз беруші тауарлық несиенің нысаналы пайдаланылуын бақылау және оны қайтаруға кепілдік беру үшін жыл сайын комиссия құрамымен жылына кемінде 2 рет қарыз алушыға барады. Тауарлы несиенің нысаналы (нысаналы емес) пайдаланылуын растайды. Егер тауарлық несие мақсатсыз пайдаланылса, қарыз алушы алған малын қарыз берушіге толық қайтаруы тиіс. Тауарлы несиені қайтаруды бақылау міндеті аудандардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдарына жүктеледі.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Ауыл аманатын» іске асыру ауылдарды сақтап қалуға және халықтың қалаға көші-қонын азайтуға, кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздықты азайтуға, халықты сапалы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ауқымды жоба екенін атап өтті.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы