Астық саласының көшбасшылары «KazGrain-2019» конференциясында бас қосады
Сарапшылар Орталық Азияның ірі астық конференциясы – «KazGrain-2019» қызығушылықтың артып отырғанын атап өтті. Бүгінгі күні іс-шараға әлемнің 20 елінен 200-ге жуық астық және онымен байланысты логистикалық бизнес өкілдері қатысатынын растады Agroinfo.kz «KazGrain-2019» ұйымдастыру комитетіне сiлтемемен хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, Астанадағы форум әлемдік астық нарығының даму үрдісін анықтайтын – АҚШ, Қытай, Еуропа, Ресей, Түркия, Украина, Канада сияқты елдердің өкілдерін жинайтыны маңызды. Сондай-ақ қатысушы елдер арасында қазақстандық астық пен ұнның негізгі импорттаушылары – Иран, Өзбекстан, Ауғанстан. Бұл ретте, тізім күн сайын жаңа компаниялармен толықтырылады.
Іс-шара қонақтарының осындай ауқымды географиясы Қазақстанның әлемдік нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілердің бірі ретіндегі маңыздылығын тағы да дәлелдейді. Бүгінгі таңда «KazGrain-2019» конференциясына қазақстандық және шетелдік қатысушыларды тіркеу жалғасуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 20 наурызға дейін форумға қатысуға жеңілдетілген баға қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, 4-5 сәуірде Астана қаласында Қазақстанның «KazGrain-2019» II Халықаралық астық конференциясы өтеді. Форум астық өндірушілерді, трейдерлер мен қайта өңдеушілерді, элеваторлардың иелерін, ЕО және Азия елдерінен дәнді, дәнді-бұршақты және ұнды импорттаушыларды жинайды. Іс-шараға әлемдік астық нарығының сарапшылары мен операторлары, заманауи технологиялар мен жабдықтарды жеткізуші компаниялар, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысады. Конференция ұйымдастырушылары – «Агро Индустрия KZ» және «АПК-Информ» АА.
«KazGrain-2019» туралы барлық ақпарат, соның ішінде қатысушылар тізімі мен іс-шара бағдарламасы конференция парағында қолжетімді:
https://www.apk-inform.com/ru/conferences/kazgrain2019/list