Астық сақтау қоймалары егін жинау маусымына қаншалықты дайын

Ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы егін жинау маусымына астық сақтау қоймаларының қаншалықты дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: @kaz.agro.blog

— Облыстардың әкімдіктері ұсынған мәліметтерге сәйкес, еліміздегі астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы – 30,9 млн тонна. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында – 13,5 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қоймаларында – 17,4 млн тонна астыққа орын бар. Бұл сақтау сыйымдылығы өткен жылдардағы қалдықтарды ескере отырып, алынған өнімді сақтауға жеткілікті, – деп мәлімдеген министрлік Kazinform агенттігінің ресми сауалына жолдаған жауабында.

Qoldau.kz порталының деректері бойынша, қазіргі таңда лицензияланған астық қоймаларының жүктемесі – 3,1 млн тонна (22%), ал бос орын – 10,2 млн тонна. Оның ішінде негізгі астық егетін өңірлер бойынша:

  • Қостанай облысында жүктеме – 590,9 мың тонна (19%), бос сыйымдылық – 2,4 млн тонна;
  • Солтүстік Қазақстан облысында жүктеме – 932,5 мың тонна (27%), бос сыйымдылық – 2,4 млн тонна;
  • Ақмола облысында – 1,2 млн тонна (26%), бос сыйымдылық – 3,3 млн тонна.

— Элеваторлар мен астық қоймаларында орын жетіспеушілігі жоқ. Қолда бар сақтау қуаттары өнімді сақтау үшін жеткілікті, – делінген АШМ хабарламасында.

Еске сала кетейік, былтыр елімізде 26,7 млн тонна астық жиналды. Бұл – кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы