Астық экспортына тыйым салынуы мүмкін бе?

Ресейде астық экспортына уақытша тыйым салынғалы қазақстандық шаруалар тығырыққа тірелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Өйткені мұндай шешімге дейін жасалған келісімдер де орындалмай жатыр. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына түсіп жатқан шағым көп. Осы астықты Еуразиялық экономикалық одақ аясынан тыс жерлерге сатуға тыйым салынуы мүмкін. Комиссия тарапынан көтерілген бұл бастамаға біздегі шаруалардың көзқарасы қандай?

Қазақстан астықты ішкі сұраныстан екі жарым есе көп өндіреді. «Шаруалардың жоғарғы кеңесі» қауымдастығының тәуелсіз директоры Кирилл Павловтың сөзінше, Еуразиялық экономикалық комиссияның одаққа мүше елдерге астық пен сұйық май сатуға уақытша шектеу қоюды ұсынуы қисынсыз. Ұйым өз мақсатын кейбір ауыл шаруашылығы өнімдері тапшылығының алдын алумен түсіндірді. Алайда біздегі кәсіпкерлер мұндай шектеуге түбегейлі қарсы. Қауымдастық өкілінің сөзінше, әлемдегі астық экспортының 30 проценті Ресей мен Украинаға тиесілі. Демек бұл мемлекеттер осындай экономикалық санкцияны көздеп отыруы мүмкін дейді Кирилл Павлов. Ол мұндай шектеуге жол берсек, қатты шығынға батамыз деген күдігін жасырмады. Қазақстанның астық одағы да экспортты шектеуге қарсылығын білдірді.

Евгений Карабанов биыл 3,5 млн тонна астықты экспорттау жоспарланып отырғанын айтты. Онсыз да елдегі ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы шілдеге дейін күнбағыс дақылы мен майын квота бойынша ғана сыртқа сатуға рұқсат еткен еді. Бірақ қазірдің өзінде ресейлік астыққа мұқтаж шаруаларымыз бар. Оның 20-сы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына шағымданды. Еске салайық, көрші ел 30 маусымға дейін астық экспортына шектеу қойған болатын. Алайда тыйымға дейін жасалған келісімдер де орындалмай жатқан көрінеді. Осындай мәселеге тап болған кәсіпкерлер палатаға хабарласа алады. Ал ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгі егіс науқанына 70 млрд теңгеге дейін жеңіл несие бөлінетінін, ал азық-түлік корпорациясы арқылы форвардтық сатып алуға 80 млрд теңге қарастырылғанын жеткізді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы