«Астық 2025» астық конференциясында «қызу» тақырыптар талқыланады

2024/25 жылғы аграрлық маусымның қорытындылары мен 2025/26 жылға арналған Қазақстан ауыл шаруашылығы нарығының перспективалары, сондай-ақ аграрлық саясаттың қысқа және ұзақ мерзімді басым бағыттары — «Астық 2025» халықаралық конференциясының басты тақырыптарының бірі болмақ, деп хабарлайды «Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы.

Фото: «Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы

Айта кетейік, өңірдегі ең ірі астық конференциясы 2025 жылғы 31 шілдеде Қостанай облысы, Мендықара ауданы, «Восток-1» ЖШС мен «Қарқын» ЖШС  агрофирмасының демонстрациялық алқаптарында өтеді.

Жаңа астық маусымы қарсаңындағы ауқымды іс-шара алғаш рет бір алаңда 500-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, астықты сатып алу, сату және халықаралық саудамен айналысатын компания өкілдерін, агротехнологиялар, техника мен жабдықтар жеткізушілерін жинамақ.

«Астық 2025» конференциясына трейдерлер, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары мен агроқұрылымдар, элеваторлар, диірмен комбинаттары және дәнді дақылдарды тікелей өсіру және қайта өңдеумен айналысатын басқа да компаниялар қатысады. Форумға ҚР АШМ, басқа мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу институттары, банктер мен қаржы ұйымдарының өкілдері де қатысады деп жоспарланған.

Қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты талқылау және ауыл шаруашылығы өнімдері нарығының өзекті мәселелерін көтеру мақсатында конференцияға Өзбекстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері – «Узёгмойсаноат» май-тоң май өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының делегациясы келмек.

Астық нарығы өкілдерінің форумы 2025 жылғы 31 шілде – 1 тамыз аралығында өтетін халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі-демонстрациясы «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» аясында ұйымдастырылады.

Конференцияның өзекті бағдарламасына төмендегі «қызу» тақырыптар енгізілген:

  • Астық – 2025: дәнді және майлы дақылдар өндірісінің болжамы, маусым басындағы нарықтық үрдістер;
  • Астық экспортының дамуына теміржол тасымалының әсері: 2024/25 маркетингтік жыл қорытындылары, 2025/26 жылғы перспективалар;
  • Презентация: «Өзбекстан – Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша басты сауда серіктесі. Жаңа маусымда қазақстандық астық, ұн мен күнбағыс майына сұраныс болжамы»;
  • 2025/26 МЖ майлы дақылдар нарығының трендтері: баға бағдары мен сауда бағыты;
  • Қазақстандағы астық нарығындағы «Продкорпорацияның» рөлі: аграрийлермен өзара іс-қимыл, ішкі және сыртқы нарықтағы сауда қызметі және т.б.

Сарапшылардың пікірінше, «Астық 2025» конференциясының басты құндылығы – бұл іс жүзінде дәнді дақылдар өндірісінің негізгі және тікелей қатысушыларын біріктіретін платформа, сондай-ақ өңірлік астық саясаты мен нарық ережелерін қалыптастыратын негізгі топтардың – трейдерлердің, өндірушілер мен қайта өңдеушілердің, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың тоғысатын орны.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы