Арун Моханти: «Қазақстанмен салыстырғанда Үндістанның аяқ алысы бәсең»

Апта басында халық қалаулылары «Кооперация ту­ралы» заң жобасын бүге-шігесін бағамдады. Мемлекеттік қолдаудың игілігінен қапы қалмау үшін ұсақ шаруалар­ды өзара бірігуге ынталандыру көзделген. Жұдырықтай жұмылса, екінші деңгейлі институттарда қаржы рәсімдеу әбігерлендірмейтін көрінеді. Ықпалдастыққа бастайтын жаңа қадам аграрлық саланың әлеуетін кеңінен кәдеге жаратуға жол ашады. Сары алтынмен қатар өнімнің өзге түрлерін сыртқы нарыққа жөнелтуге мүмкіндік бермек. Үндістандық сарапшының пікірі осыған саяды.

Арун Моханти - копия
Арун Моханти

Арун Моханти, Дж.Неру атындағы университетте Ресейді және Орталық Азияны зерттеу орталығының төрағасы, про­фессор (Үндістан):

– Тәуелсіз Қазақстанда аграрлық реформа дер кезінде қолға алынып, белгіленген межелер табысты түрде бағындырылды. 20 жыл ішінде жеке меншікті иеленгендердің қатары шамамен 400 есе артты. Ал ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі 300 есеге ұлғайды. Үкімет тарапынан топырақтың құнарлығын сақтау шараларына баса мән берілгені байқалады. Бұл ұстанымдар мен қағидалар соңы агроөнеркәсіптік кешенге серпін береді. Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 4 есе ұлғайған. Еңбек өнімділігі де еселене түсті. Бұл көпшілікті тәнті ететіні сөзсіз. Өзге мемлекеттерге көз жүгіртсек, бағындырылған жетістік елеулі екені сөзсіз. Бүгінгі таңда Қазақстан жан басына шаққанда дәнді дақылды өсіру бойынша әлемде 1 орынды иеленді.

Ал Үндістанда қашанда жерге жекеменшік болды. Сондықтан ауыл шаруашылық өнімдердің көлемі артып келеді, бірақ оның қарқыны тым бәсең. Біздің елімізде «жасыл», «ақ» революция болды. Сондықтан даму деңгейі Қазақстанда іспетті жедел емес. Үндістандық тұрғындардың жалпы саны 1,2 млрд жуықтайды. Жыл санап көрсеткіш артудың жолына түсті. Сәйкесінше біз үшін де өндірісті дамыту міндеті аса маңызды. Себебі Үндістанда ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімі бар-жоғы 2-3 пайызға жетеді.

1973 жылдан бері сары алтын сырттан тасымалданбайды,. Өзімізде де асып-тасығанымен, кей өңірлер сары алтынның тапшылығына ұрынғаны жасырын емес. Бір жағынан Үндістан дәнді дақылды импорттаудан бас тартуда, екіншіден, ауыл шаруашылық өнімімен қамтамасыз етуде қиындықтар туындайды. Егер Еркін сауда аймағы туралы шарт жасалса, онда бұл бағытта да өзара ықпалдастық орнатуымыз кәдік.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы