Аралға Есілден су бұру аңыз ба, нақты жоба ма – Су министрлігі жауап берді

Болашақта көктемгі тасқын кезеңінде Есіл өзенінен Торғай өзені арқылы Аралға су жіберілуі мүмкін. Жоба қазір зерттеліп жатыр. Бұл туралы Kazinform сауалына ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми жауабында айтылды.

Фото: inform.kz

Соңғы уақытта «Есіл өзенінің тасқындарын орта ағысында басқару, ағынның бір бөлігін Торғай мен Арал теңізі бассейніне жіберу» жобасын су мамандары қызу талқылап жүр.

Жыл басында оның ғылыми жетекшілері — «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы Оразхан Қарлыханов және «Каспий – Арал бассейнінің экожүйесін жаңғырту және су тасқынын басқару» халықаралық қорының жоба үйлестірушісі әрі менеджері Тоғатай Арман Арал ауданы әкімдігінде жобаны таныстырды.

Жобаға сай көктемгі тасқын кезеңінде Есіл өзенінің суын алдымен Торғай өзеніне, одан кейін Арал теңізіне бағыттау көзделеді. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі бұл жоба қазір ғылыми тұрғыдан зерттеліп жатқанын мәлім етті.

– Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында су ресурстарын, оның ішінде Ертіс өзенін аумақтық қайта бөлудің перспективалық нұсқаларын әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізу көзделген. Осы зерттеулер жүргізудің аяқталу мерзімі: 2029 жылдың 4-ші тоқсаны. Жүргізілетін зерттеулердің нәтижесінде өзендердің аумақтық қайта бөлудің перспективалық нұсқалары әзірленетін болады. «Есіл өзенінің тасқындарын орта ағысында басқару, ағынның бір бөлігін Торғай мен Арал теңізі бассейніне жіберу» жобасы да ғылыми тұрғыда зерттеліп жатыр. Нақты шешім сол зерттеулердің нәтижесіне байланысты қабылданады, – делінген жауапта.

Мамандардың айтуынша, жоба жүзеге асу үшін алдымен каналдар жүйесін, Торғай өзенінің салаларының арналарын пайдалана отырып, Қостанай облысы Торғай ауданында «Сарықопа» және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында «Торғай» су қоймасын салу керек болады.

Айта кетейік, бұған дейін «Солтүстік Аралды сақтау» жобасының екінші кезеңінде қандай жұмыстар атқарылатынын жазған едік.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы