Арал ауданындағы шаруалар маңайдағы шабындықтарды суландыруды сұрап отыр

Сырдарияда көбесі сөгілген мұз көшкіні Қызылорда су торабынан 178 шақырым жоғары орналасқан Шиелі ауданы аумағындағы Көлекбаз учаскесінен өтіп жатыр. Енді бірер күнде облыс орталығына жетіп, Сырдың төменгі ағысына ойысады. Өзеннің Арал теңізіне құяр сағасында әлі 50-60 сантиметрлік мұз тіресіп тұр. Аманөткел ауылының маңына шоғырланған азаматтық қорғаныс жасақтары жағдайды бақылауға алды. Қазір 84 эвакуациялық жинақтау және 103 қабылдау бекеті әзірленді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Фото: кадр из видеосюжета телеканала «Хабар 24»

Қазіргі таңда Шардара су қоймасы арқылы Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 200 текше метр су жіберілсе, оның жартысын Көксарай гидрореттегіші алып отыр. Ағымдағы жылдың 7 ақпанынан бастап өзен беті мұздан ашыла бастады. Содан бері салалық 130 мекеме қызметкерлері су басуы мүмкін аумақтарды күндіз-түні торып, мұз жарғыш пен қапшықтарын сайлап отыр.

Саид Молдақараев, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– Азаматтық қорғау күштерінің мың 81 адам, 361 техника, 75 су сору мотопомпасы, 9 жүзу құралы және 1 тікұшақ дайындыққа келтірілген. Қазіргі таңда барлық қауіпті участоктерге мекемелер бекітіліп, күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Трансшекаралық өзеннің 122 шақырым өтетін Арал ауданында су тасқынынан келетін қауіп жоқ. Жергілікті билік жоғарыдан келетін мол суды Қамыстыбас пен Ақшатау көлдер жүйесін суландыруға бағыттауды жөн көріп отыр. Оған 2 тәсіл ұсынылған. Біріншісі Аманөткел ауылы тұсындағы ескірген бетон бұрма құлақты қайта жаңғыртып, тазарған жаңа арнамен су құлату. Ал екіншісі…

Мұхтар Оразбаев, Арал ауданының әкімі:

– 2-ұсынысымыз 4-5 СНП-500 насостарын қойып, дария табанындағы суды Жасұлан, Керіағар каналдарына көтеріп, Қамыстыбас көлдерін суландыру мақсатында. Бұған облыстық табиғи ресурстар басқармасына ұсыныстар беріліп, қазір жұмыс жасалып жатыр. Алдағы облыстық мәслихаттың сессиясында бұл мәселе шешімін табатын шығар деп жоспарлап отырмыз.

Өткен жылы дарияда су тапшы болып, жайылым шөбі шүйгін болмады. Осы ретте теңізге құяр сағаға қоныс тепкен Қаратерең ауылының шаруалары Кәрібөгетті бекітіп, маңайдағы шабындықтарды суландыруды да сұрап отыр.

Мұхтар Оразбаев, Арал ауданының әкімі:

– Қаратерең ауылдық округі тұрғындарының ұсынысына сәйкес зерттеп, ұсыныс беруге арнайы мамандар шақырттық. Егер де ол жердегі бөгетті нығайтып алып жатсақ, келген артық суды құйылыс көлемінде ұстап қалып, шабындық жерлерге су түсіріп, мал шаруашылығына қолайлы жағдай жасау ұсыныстарымызда бар.

Сырдың суы мал-жанмен қатар егінге де қажет. Сондықтан өзеннің жоғарғы ағысынан келетін мол суды тиімді әрі үнемді пайдалану жобаларын жүзеге асыру кезек күттірмес мәселе болып тұр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы