Ақтөбе облысының аграршылары мақсары өсіруін меңгеруде
Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы аграршыларды өсімдік шаруашылығындағы инновация, сондай-ақ тиімді агробизнестің негіздерін оқыту бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Кәсіпкерлер палатасының тегін семинарында шаруаларға өңірде мақсары өсіру неліктен пайдалы екендігі айтылды, Agroinfo.kz Ақтөбе облысының «Атамекен» ҚР ҰКП баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.
Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірбие станциясының базасында «Аймақтың әртүрлі топырақ-климаттық жағдайында майлы мақсары дақылдарын өсіру инновациялық технологиялары» атты ғылыми-практикалық семинар өтті. Станцияның ғылыми қызметкерлері бірнеше бағыт бойынша дәріс сабақтарын өткізді. Қазірдің өзінде егістіктерде майлы мақсары дақылдарын отырғызу және өсіру бойынша инновациялық агротехникалық талқылаулар өтті .
Айта кетейік, ғалымдар жергілікті аграрларға майлы – мақсары дақылдарын өсіруді үйренуді ұсынады. Селекционерлердің айтуынша, бұл дәстүрлі емес, құрғақшылыққа төзімді, бірақ аймақтың өнімді дақылдары. Тәжірибе станциясы қызығушы шаруа қожалықтарына ұсыныстар мен кеңестер беруге дайын.
Облыстық ауылшаруашылық басқармасының мәліметі бойынша, 805 мың гектар егістіктің 18 мың гектары майлы дақылдар, оның 11 мың гектары мақсары егеді.
Негізінен, мақсары облыстың 4-5 ауданында өсіріледі- бұл Хромтау, Қобда, Мұғалжар, Мәртөк және Алға.
Бұл мәдениетті іске асрыуды біз Мәртөк ауданынан бастадық. 2015 жылы «АСХОС» ЖШС «Дина» шаруа қожалығына 10 жыл ішінде жеке селекция нәтижесінде алынған «Ахрам» өзіндік тұқымын берді. Бірінші жылы 700 кг тұқымнан, олар 22 тонна өнім алды. Келесі жылы 700 гектар жерге егін егіліп, 560 тонна тұқым алынды. «Бұл, осы дақылдың көбею деңгейі өте жоғары екендігін көрсетеді », – деді ауыл шаруашылығы және мақсары бөлімінің бастығы, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Айбатша Жұбанышева.
Тыңдаушыларға аймақта мақсары өсірудің технологиялық және сервистік қолдауы, өсіру технологиясы: ауыспалы егіс жүйелері, топырақты өңдеу, өсімдіктерді бақылау мен қорғау егжей-тегжейлі түсіндірілді.
«Мақсары шұғыл континентті климатқа бейімделген және ылғалға деген қажеттілігі бойынша құрғақшылыққа ең төзімді өсімдіктердің қатарына жатады. Мақсары тұқымынан бағалы мақсары майын алу үшін өсіріледі, оны тамақ үшін де, техникалық мақсаттар үшін де пайдаланады. Өңделген өнімдер жануарлар мен құстар үшін жоғары қоректік тағам болып табылады. Сонымен қатар, мақсары гүлінің жапырақтары медицинада қолданылады» – деді Айбатша Жұбанышева.
Оның айтуынша, мақсары өсірудің инновациялық технологияларын және оның жаңа сорттарын енгізу, мақсары майын өндіру көлемін арттырып, ішкі нарық үшін жануарлардың тағамын және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігін көбейтеді.
Аграршылар алдымен теориялық бөлімді қызығушылықпен тыңдады, содан кейін мақсары алқабына аттанды, онда мамандар бұл білімді тәжірибеде қалай қолдану керектігін көрсетті. Аграршылар қазіргіден де көп өнім өсіріп, жинауға болатынын айтты. Сонымен қатар, қазір мақсары мен одан алынған өнімдер шетелде үлкен сұранысқа ие: Қытайда, Америкада, Түркияда, Еуропада және Ресейде.
Айта кету керек, семинарға облыс аудандары мен Ақтөбе қаласындағы егін шаруашылықтарының басшылары мен агрономдары келді. Семинар нәтижесі бойынша, өсімдік өсірушілер бірге жұмыс жасау туралы ұсыныстарын білдірді, ал ақпараттық қолдау ретінде оларға өңделген және облыстың климаттық жағдайларына бейімделген дақылдар туралы анықтамалар таратылды.
Оқу семинарының соңында тыңдаушыларға сертификаттар берілді. Семинар өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станициясының қолдауымен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы агрокешендік орталығымен ұйымдастырылды.