90 пайызға толып тұрған Тасөткел су қоймасында реконструкция қалай жүріп жатыр

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Тасөткел су қоймасын реконструкциялау барысымен және ауыл шаруашылығында қолданылып жатқан су үнемдеу технологиясымен танысты, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: ҚР Үкіметі
тасөткел
Фото: ҚР Үкіметі

Үкімет басшысы аймақ үшін маңызы зор су қоймасын қарап шығып, аталған нысанда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының жай-күйін тексерді.

Тасөткел су қоймасы Шу және Мойынқұм аудандарының барлық көлемі шамамен 35 мың гектардай суармалы жерін сумен қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ осы жерден Тасөткел ГЭС қажеттілігі үшін су беру, Шу өзенінің төменгі ағысындағы Жамбыл облысының Мойынқұм, Сарысу аудандарына және Түркістан облысының Созақ ауданына экологиялық су жіберіледі.

тасөткел
Фото: ҚР Үкіметі

Бүгінгі күні су нысанында бөгеттің сейсмикалық тұрақтылығын арттыра отырып, реконструкциялау жөніндегі жобаның екінші кезегі іске асырылуда. Жер қазу жұмыстары, ұңғымаларды тазарту, өлшеу датчиктерін (пьезометрлерді) орнату 100%-ға орындалды. 

Апатты суқашыртқы жүйесі салынды, төтенше жағдай кезінде құлақтандыру және бейнебақылау жүйелері орнатылды, өткізу пункті жетілдірілді. Нысан биыл тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Премьер-Министр су инфрақұрылымы мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті.

жамбыл
Фото: ҚР Үкіметі

«Еліміздегі барлық бөгет пен су қоймалары 1950-1970 жылдары салынған. Мемлекет басшысы Үкіметке 134 елді мекенде су басу қаупін азайту үшін 20 жаңа су қоймасын салуды және жұмыс істеп тұрған 15-ін реконструкциялауды тапсырды. Тасөткел су қоймасындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын екенін көріп отырмыз. Бірақ бөгеттің сейсмикалық тұрақтылығын арттыра отырып реконструкциялаудан кейін апатты суқашыртқы жұмысын сынақтан өткізу қажеттілігіне баса назар аударуға шақырамын», — деп атап өткен Олжас Бектенов Жамбыл облысының әкімдігіне Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп, сынақ жұмысын жүргізу мәселесін пысықтауды және нысандағы су деңгейін жобалық көлемге жеткізуді тапсырды.

Үкімет басшысы Ақбұлым ауылының «Шарипов» шаруа қожалығының егістігінде су үнемдеу технологиясын енгізу жұмысымен танысты. Шаруашылықтың егіс алқабының жалпы ауданы 330 га құрайды, оның ішінде қант қызылшасына 80 га бөлінген.

Сонымен қатар пияз, картоп, жүгері және дәнді дақылдар өсіріледі. Жалпы жобалық қуаты — жылына 10 мың тонна өнім.

суару
Фото: ҚР Үкіметі

Ауыл шаруашылығы құрылымының аумағында тереңдігі 300 метрге дейінгі 11 ұңғыма орналасқан. 6 жаңбырлатқыш қондырғы жеткізіліп, орнатылды, соның нәтижесінде тамшылатып суару қазір 160 га аумақта жүзеге асырылуда.

Жалпы, ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологиясын енгізу және инфрақұрылымды жүргізу үшін Үкімет 80%-ға дейін инвестициялық субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шарасын көрсетуде.

Сондай-ақ су берушілерге тікелей субсидиялар бөлу арқылы фермерлерге су беру қызметінің құны арзандатылады. Бұдан басқа, жылдық сыйақы мөлшерлемесін 2,5%-бен, 5 млрд теңгеге дейін 10 жылға дейінгі мерзімге су үнемдеу технологиясын енгізетін жобаларға несие беру көзделген.

Үкімет басшысы су үнемдеу технологиясын енгізудің және егіншілікте суармалы алқаптарды ұлғайтудың маңызын атап өтті.

үкімет
Фото: ҚР Үкіметі

Басымдық беріліп отырған ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі — қант қызылшасы, оның егіс алқабы өңірде 10,6 мың га дейін ұлғайды. Биыл орташа өнімділігі гектарына 60 мың тонна болатын 600 мың тоннадан астам өнім өндіріледі деп күтілуде.

Жиын-терім бойынша болжамдарды ескере отырып, Олжас Бектенов Жамбыл облысында қант қызылшасын өңдеудің өндірістік қуатын арттыру қажеттігіне назар аударды.

Бұдан басқа, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жамбыл облысының әкімдігіне өңірде шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес бойынша барлық агротехникалық іс-шаралардың уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды. 

тасөткел
Фото: ҚР Үкіметі

«Қазіргі таңда су қоймамыз 90% суға толып тұр. Мұндағы сумен біз Шу және Мойынқұм аудандарын қамтамасыз етеміз. Қазіргі таңда бізде реконструкция жұмыстары жүріп жатыр. Сейсмикалық тұрақтандырудың екінші кезеңі мен апатты суқашыртқының құрылысы аяқталып қалды, сондай-ақ дренажды каналдарымыз реконструкциядан өткізілді», — дейді «Тасөткел» су қоймасының учаске басшысы Данияр Анарбеков. 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы