2025 жылы көктемгі және күзгі егіс жұмыстарына алынған несиелердің пайызына субсидия төленбейді

Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамаға көктемгі егіс жұмыстарына тартылған несиенің пайыздық мөлшерлемесін бюджет есебінен ішінара субсидиялау шарасын доғару туралы бұйрық жобасын көпшілік талқылауына шығарды, деп хабарлайды Kazinform.

Иллюстративный коллаж: АгроИнфо / Фото: pixabay.com

– 2025 жылы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру бағдарламасын жылдық 5% мөлшерлемемен кеңейту көзделіп отыр. Осыған байланысты көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған қарыз шарттарын субсидиялаудан алып тастау көзделеді, – деп жазылған құжаттың баспасөз релизінде.

Бұйрық жобасы 31 желтоқсанға дейін талқылауда болады.

Еске салсақ, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов ауыл шаруашылығына бөлініп жатқан субсидиялардың экономикалық қайтарымы мардымсыз екенін сынаған еді. 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы