Қамданған қапы қалмайды

Сан соққан теріскейлік шенеуніктер биыл агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған өңірлік жоспарды әзірлеуге әдеттегіден ертерек қамданған. Оған сәйкес өңірдің азықүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аграрлық саладағы көрсеткіштерді 7 пайызға дейін еселеу көзделген. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы экономикасының құрылымында ЖІӨ 24 пайызы аграрлық саланың еншісіне тиеді.

Өткен жылғы күзгі жиынтерім теріскейлік диқандарды әбігерге салып, кірістен гөрі шығынның есеп-қисабын жүргізуге мәжбүрледі. Аймақтағы алқаптардың 97,2 пай­ызы орылса, комбайнның тісі тимей, ақ қардың астын­да 93 мың гектар қалған. Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың сөзіне сүйенсек, қырман ба­сында қатқан дәннің гек­тар берекелігін 15 центнер­ден санасақ, 144 мың тонна сары алтын жиналмаған. Оны көктем келісімен диқандар жинап алуға бекініп отыр. Әзірге орылмаған алқаптарда күзет күшейтілген. Себебі оған жылқының тұяғы тисе, олардың улану қаупі бар.

Десек те өткен жылғы күзгі орақ науқаны бой­ынша еліміздегі ас атасы нанның 30 пайызын Солтүстік өңір қамтамасыз еткен. Теріскейліктер ел қамбасына 5 млн.тоннадан астам сары ал­тын құйған. Биылғы жылы егіс алқаптарының көлемі 3,2 мың гектарға ұлғайтылып, 4350 мың гаға жеткізу жоспарланып отыр. Солтүстікқазақстандық ғалымдардың пайымынша, тек танап басын ұлғайтудың ғана есебінен емес, соны­мен қатар топырақты өңдеу, тыңайтқыштарды қолдану, зиянкестермен күресу техно­логияларын жақсарту арқылы өсімдік шаруашылығын дамытқан ләзім. Бұл ретте көктемгі дала жұмыстарына әзірлік әрі тұқыммен қамдану мәселесінің түйінін тарқату, қайта өңдеу саласының аху­алы төңірегінде аймақтағы аграрлық саланың тізгінін ұстаған СҚО ауыл шаруа- шылығы басқармасы басты- ғының м.а. Жанар Мұсақұ- лованы сөзге тарттық.

– Күзгі орақ науқанында туындаған келеңсіздіктер кесірінен кей шаруалар биылғы дала жұмыстарына тұқыммен қамдануға бас қатырып отыр. Өткен жылдың соңында қолға алынған түгендеу жұмыстары ел бойын­ша дәнді дақылдардың тапшылығы 162,5 мың тоннаны қ ұрайтынын көрсетті. Тізімнің басында Қостанай облысы, онда шаруалар 114,0 мың тон­на тұқымнан қағажу көріп отыр. Солтүстік Қазақстан екінші орынға жайғасқан. Бұл ретте астықты өңір тұқымның тапшылығы мәсе лесін қалай шешпек? Қолда бар дәннің көлемі қандай?

– Теріскейлік диқандарға биылғы егіс науқанына 548,4 мың тонна тұқым қажет. Оның ішінде 465,8 мың тоннаны дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың еншісінде.

Аудан әкімдерінің жолдаған деректеріне сүйенсек, бүгінгі таңда өңір бойынша 428,5 мың тонна тұқым әзірленген. Бұл межеленген жоспардың 92% жетіп отыр. Енді дәнді дақылдар бойынша қажеттілік 37,3 мың тоннаны құрайды.

Жетіспейтін тұқымның көлемі бойынша «Продкорпорация ҰК» АҚ арқылы тұқымды және егіске жарамды астықты сатып алу бойынша форвардттық бағдарлама іске қосылған. Оның шеңберінде аграрлық құрылымдарды қаржыландыру қарастырылған. Бүгінде әлеу- меттік-кәсіпкерлік корпорация- лардың кепілдігімен 44 ауыл шаруашылық тауар өндіруші аталған бағдарламаға қаты- сып, 26,5 мың тонна тұқым- мен қамданбақ.

Өңір жем-азық, майды дақылдардың және картоптың тұқымымен толық қамтамасыз етілген.

– Диқандар қауымының қаржылық а х уа лы да шатқаяқтағ аны жасы ­рын емес. Бүгінде олардың түрлі қаржы институтта­рынан алынған несиелерді қайтару мәселесінде түйіт- кілдер бар ма?

– Аграрлық саладағы құрылымдардың қаржылық ахуалы ауылшаруашылық дақылдардың жалпы түсіміне тікелей тәуелді екені хақ. Оның өткен жылғы көлемі ор­таша көпжылдық деңгейден төмен емес. Алдын ала мәліметтерге зер салсақ, теріскейлік диқандар ел қамбасына 5,1 млн.тонна сары алтын құйды. Гектар берекелігі 16,4 центнерден айналады. Күзгі жиын-терім нәтижесінде 435,0 мың тон­на көлемінде майлы дақыл жиналған. Өнімділігі гектары­нан 9,7 центнерді құрайды.

Мал шаруашылығы сала­сы да қанатын кеңге жайып келеді. Өнімдердің барлық түрлері бойынша 3-тен 11,4%- ға дейін өсім байқалады.

Қазіргі таңда «Солтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік кор- порациясының кепілімен «Продкорпорация» ҰҚ» АҚ тарапынан көктемгі дала жұмыстарына және орақнау қанына үлестірілген 1538,2 млн.теңге көлеміндегі несие қорларының 85% өтелді. Бұл 1303,7 млн.теңгені құрайды. Ауылшаруашылық өндірушілерге қол ұшын созу мақсатында «Продкорпорация» ҰҚ» АҚ өткен жылғы форвардттық сатып алу келісімдері бойынша міндеттемелерді ұзарту бой­ынша жұмыс жүргізілуде.

– «Богви» шаруашылы- ғының қаржылық қиындық- тарға ұшырауына байланы­сты алқаптардың бір бөлігі мемлекетке қайтарылды. Ал қалған бөлігі бойын­ша қазір қандай жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттің еншісіне өткенжер учаскелерін үлестіру бой­ынша қандай шаралар атқарылмақ?

– Облыс әкімінің тапсырма­сына сәйкес «Богви» компани­ясы тобы кәсіпорындарының өтініштері бойынша жер учаскелерін жалға алу келісімдерінің күші жойылды. Жалпы аумағы 571,2 мың га, оның ішінде 30,4 мың га көлеміндегі өріс мемлекеттік қордың қатарын қалыңдатты.

Биыл бұл учаскелер жер заң намасының талаптарына сай тауарлық ауылшаруашылық өндірісті жүргізетін жеке және заңды тұлғаларға ұсынылады.

– Аймақтағы мал шаруа- шылығы да біртіндеп қанатын кеңге жайып келеді. Өнімді өңдеу бой­ынша қалыптасқан жағдай қандай?

– Мақұлданған және қолға алынған бағдарлама лар мен жобаларды жүзеге асы­ру бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары арқасында мал шаруашылығы сала­сында ілгерілеу байқалады. Облыстық статистика департаментінің алдын ала мәліметтеріне иек артсақ, тірі салмақта 91,9 мың тонна не­месе өткен жылдың сәйкес мерзімінде 103,9% ет, 473,2 мың тонна сүт, 543,3 млн. дана жұмыртқа өндірілген.

2015 жылдың 1 қаңтарын- дағы есеп-қисапқа жүгінсек, мүйізді ірі қараның саны 258,8 мың шамасында. Қойлар мен қозылар 336,2 мыңға, жылқылар 95,1 мыңға жетіп отыр. Ал өңірдегі құстың саны 3863,5 мыңды құрайды.

Жаңа репродукторларды ашу мақсатында өнімділігі жоғары асыл тұқымды 1758 мал басы сатып алынған және 2800 орынға шақталған 5 бордақылау алаң дары құрылды. «2011-2015 жылдарға арналған ірі қара мал басының экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы қолға алынғаннан бері елімізден тысқары жерлер­ден жеткізілген малдың саны шамамен 9,0 мың. Өңірден көрші РФ аймақ тарына экспортталған сиыр етінің көлемі 901,7 тоннаны құрайды.

2014 жылы «Аграрлық не­сие корпорациясы» АҚ облыстық филиалы арқылы жеңілдетілген несиелендіру бойынша да түлікті са­тып алу бағдарламасы да жоспардағыдай іске асты.

Аймақтағы 74 шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасының игілігін татып, қаржыны 3439 бас ірі қараға жұмсады. Өткен жылы күшіне енген «Құлан» бойынша теріскейліктер еншіленген жылқының саны 879 – ге жетті. Ал «Алтын асық» бағдарламасын таңдаған 32 шаруашылық 5105 бас қой са­тып алған.

Мал шаруашылығы саласындағы әлеует тың техно­логияларды ендіріп, ірі және орташа-тауарлы өндірістерді ашуға, еншіміздегі кешен­дер мен фермаларды қайта қалпына келтіруге әрі жаңғыртуға мүмкіндік береді. Сөзімнің айғағы Қызылжар ауданындағы «Зенченко және К» КС және Тайынша ауданындағы «Тайынша – Астық» ЖШС сөзімнің айғағы болып отыр.

Аталмыш шаруашылықтар аналық ірі қараны Канададан жеткізді. Оның әрқайсысынан жылына 8 мың келіге сүт алы­нады. Мамлют ауданындағы «Мамбетов және К» КС АҚШ-тың асыл тұқымды ангустар­ды өңірде жерсіндіруде. Олар тәулігіне 1500 граммға дейін салмақ қосады.

Бой көтерген әрі қайта қалпына келтірілген сүт кешендері де шаруала­рын дөңгел етіп алған. Олардың қатарында «Петер фельд-Агро» және «Якорь СК», «Нұрсен-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және «Леонов» шаруа қожалығы бар.

Қызылжар ауданында орын тепкен «Алекри», «Бескөл құс фабрикасы», «Атай СК» жауапкершіліг і шек теулі серіктестіктеріндегі жаңғырту жұмыстары да өзінің оң жемісін беріп отыр. Оның арқасында өндіріске жан бітіп, жылына бір тауықтан алына­тын жұмыртқаның саны 280- нен асып жығылады.

Петропавл бройлер құс фа­брикасы да тұрақты түрде нарыққа өз өнімін ұсынуда. Мал шаруашылығының өзге сала­лары да алға басып келеді. Облыстағы қожалықтар қой шаруашылығына, ата кәсіп саналатын жылқының үйірін көбейтуге дендеп кіріскен. Түйе шаруашылығын меңгеруге де бетбұрыс бар.

– Облыстық деңгейде әзірленген агроөнеркә- сіптік кешенді дамытудың 2015 жылғы жоспарына сәйкес қайта өңдеу кәсібіне қан жүгіртілмек. Өңдеуге жө не л ті ле ті н сүтті ң көлемін 21 мың тоннаға жеткізіп, қуаттылығы 760 мың тоннаны құрайтын етті өңдеу жобаларына жан бітіру көзделген. Ет ком­бинаттары қаншалықты жүктелген?

– Өткен жылы физикалық көлем индексі 106,4% құраса, қайта өңдеу саласында 73,9 млрд. теңгеге азық-түлік өнімдері шығарылған.

Өңірдің жалпы өнеркәсіптік өндірісіндегі ауыл- шаруашылық өнімді қайта өңдеудің үлесі 47%, ал өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш 62% жетіп отыр. 2013 жылмен салыстырғанда сұйық майдың өндірісі 68%, сүт пен кілегей 15%, сары май 11%, құрғақ сүт 5% арта түсті.

Өңірде етті қайта өңдеуге бағытталған 19 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар өткен жылы нарыққа 1807 тон­на шұжық өнімдерін, 239 тонна консервіленген ет ұсынған. Бүгінде олардың қуаттылықтары 31% жүктеліп отыр.

Биыл қ айта өң деуден өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін еселеу мақсатында аймақта құны 40 млрд.теңгені құрайтын 19 жоба өмірге жолдама алмақ. Олардың бесеуі етті өңдеуге арналмақ. Жобаның құны 191,3 млн.теңге. Жылдық қуаттылығы 395 тоннаға жетеді деп күтілуде. Межеленген тың жобалар қолданысқа тапсырылса, 713 жұмыс орны ашылады.

Венера Мұстафина

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы