Қазақстанның әлеуеті үлкен

 Статья от 08.06.2015

 

Еліміздің бас қаласында жыл сайынғы Астана экономикалық форумы өтті. Келелі жында жер-жаһанның 90 мемлекеті бас қосып, әлемдегі түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатуға тырысып бақты. Елбасының Жолдауында үшінші сын қатер ретінде айқындалған азық-түлік қауіпсіздігі де таразыланды.

Экспорт қамшыланады

m5ff5cdd9БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (ФАО) әдіснамасына сәйкес азық-түлік қауіпсіздігі 4 негізге сүйенеді: азық-түлік тәуелсіздігі, көлік- логистикалық инфрақұрылым, экономикалық қолжетімділік және санитарияға, ветеринарияға тірелетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі. 109 мемлекет­тен тұратын әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі рейтингісінде ауыл ша- руашылығы өндірісі аса дамымаған Кувейт, БАӘ, Сауд Арабиясы іспетті мемлекеттер аграрлық саладағы көшбасшылар Ресейді, Белоруссияны, Аргентинаны шаң қаптырған.

– Сәйкесінше өнімдерді өндіру мүмкіндігіне сәйкес алда келетін елдер азық-түлік қауіпсіздігінің жоғары деңгейін көрсетпейтінін аңғаруға болады. Нәтижесінде тек өндіріс ғана емес, оның қолжетімділігі, саудалау әрі жеткізу кезіндегі шығындардың төмендігі және қауіпсіздігі аса маңызды екенін көрсетеді», – деп Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәселенің мәнісін бағамдады.

Аталмыш деректер жалпы экономиканың ахуалын паш етеді деген тоқтамға келуге бола­ды. Бұл ретте еліміздегі ауыл шаруашылығында оң үрдістер байқалады. Бұл жағдайда Қазақстанның ауыл шаруашылығы оң үрдіске ие. Жалпы өнімнің көлемі соңғы 5 жыл­да 1,5 есеге өсті және 2014 жылдың қорытындысы бойын­ша 15 млрд. АҚШ доллары­на (2,6 трлн. теңгені) жеткен. Ал азық-түліктің негізгі түрлері бой­ынша отандық өндірістің үлесі 80 пайыздан асып жығылды. Көрсеткіш көңілге медеу. Десек те қамданып, мәселенің бүгешігесін нысанаға алған ләзім. Мұны мықтап қаперге алған жауапты ведомство 2020 жылға дейін еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге кірісті.

Әзірге қолданыстағы «Агро- бизнес-2020» бағдарламасына артылған үміт көп. Техникалық әрі технологиялық тұрғыдақайта жарақтандыруға, қаржының қолжетімдігі мен кәсіпті тиімді жүргізуге жағдай жасауға бағытталған құжаттың арқасында өнімнің өзіндік құны төмендейді, ал сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі есе­лене түседі. Бүгінде сыртқы нарыққа жол тартқан ауыл шаруашылық өнімдердің көлемі 1,5 есеге артқан. 2014 жылдың қорытындысын бағамдасақ, көрсеткіш 3 млрд. АҚШ долларын бағындырған. Әлі де экспортты қамшылау көзделіп отыр. Себебі бүгінде азық-түліктен тарыққан мемлекеттер бар. Сәйкесінше экспортты кеңейту әрі сату нарығын ұлғайту міндеті тұр.

Қазақстанның бағыты дұрыс

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нысанаға дөп тидік. Оны халықаралық деңгейде аграрлық салада тер төгетін мамандар да жоғары бағалап отыр.

– Жалпы әрбір мемлекеттің үкіметі орталық рөлді мойнына арқалап, ауыл шаруа- шылығының инфрақұрылымын, салаға инвестиция құюды ынталандыратын ортаны қалыптастырады. Ашаршылықтың әрі дұрыс тамақтан- баудың орын алуына жол бермеу бойынша ықпалдастық дамудың жолына түскен және дамыған экономикаларға септеседі. Бұл бағытта Қазақстанның алған бағыты айқын және дұрысдеп санаймыз. Қазақстан Орталық Азияда астықтың негізгі өндірушісіне және экс­порттаушысына айналып отыр. Осылайша көршілес мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосуда. Елдеріңіз аймақтық азық-түлік банкін әзірлеуде же-текші рөлді де өз мойнына арқалады, – деп БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бас директоры Жозе Грациану да Сильва дәйектер мен деректерді ортаға салды.

Бүгінде ауыл шаруашылы- ғына инвестиция тартудың маңыздылығы арта түсті. Елімізде де қамқарекеттер жа­салып, шетелдіктермен бірлескен жобалар өмірге жолда­ма алуда. Қазақстан жұмылдырылған инвестиция көлемінің артуы және мықты са­яси күшжігердің арқасында экономикалық дамудың жарқын үлгісін паш еткеніне Жозе Грациану да Сильва сенімді. «Бұл күшжігер ынталандыруға айналып, өзге мемлекет­тер қолдану үшін бейімделуі мүмкін. Бұл тәжірибемен бөлісу, игерілген іліммен алмасу болып табылады», – дейді ол.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының жыл сайынғы баяндамасына көз жүгіртсек, 129 дамушы мемлекеттің 72-сі 2015 жылға қарай аштыққа ұшырағандардың үлесін екі есе төмендету бой­ынша Мыңжылдықты дамы­ту мақсатын мінсіз орындаған. Оның қатарында еліміз де бар. Жалпы ФАО-ның есебіне сәйкес жер-жаһанда аштық көлемі азаюдың жолына түскен. 2012- 2014 жылдар аралығындағы ақпарға сүйенсек, үшіншіәлем мемлекеттерінде 805 млн. адам дұрыс тамақтанбайды. Өндірілген азық-түлік халықаралық деңгейде жеткілікті. Бар гәп оның қолжетімділігіне, өнімді са- тып алуға қаржының жоқты- ғына тіреледі. Мәселені тізгіндеу үшін ФАО азық-түлік өндіруде орнықты жүйені қалып- тастыруды діттеп отыр. Бұл ретте өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету де тасада қалмақ емес.

ФАО өкілдігі ашылмақ

1997 жылдан бері еліміз ФAO мүшесі са­налады. Бүгінде оның қатарына 194 мем­лекет кіреді. Биылғы жылы БҰҰ қарасты ұйыммен байланыс көпірі нығая түспек. Елордамыздың төрінде ФАО-ның өкілдігі есігін айқара ашпақ. Қос тарап тиісті келісімдерді мақұлдады. Елімізде ФАО-ның байланыс және серіктестік жөніндегі бюросын құру, ҚР-ға техникалық көмек қызметін ұсыну және Қазақстан-ФАО серіктестік бағдарламасын дамыту ту­ралы келісімге қол қойылды. Енді кеңсе жаз айларында ашылады деп күтілуде. Оның шеңберінде техникалық мамандарды тарту, ауыл шаруашылығының басымды бағыттары бойынша қолғабыс ету бойынша бірлесе тер төгу көзделген. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында әлемдік деңгейдегі талаптарды ұстанып, ФАО-ның құрамына кіретін елдермен тығыз байла­ныс орнатуға септеспек.

Органикалық егіншілік, жер және су ресурстарын тиімді басқару, балық аулау, ауыл шаруашылығы саласындағы статистика үшін қолданылатын ақпараттық технологиялар мәселелері қарастырылады. «Балық шаруашылығын дамыту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Барлық көрсеткіштер бойынша ФАО сарапшы­ларын тартатын боламыз. Олар еліміздегі ауылшаруашылық кәсіпкерлікке қан жүгіртуге қолғабыс етпек», – дейді еліміздің бас аграрийі.

Қызығушылық бар

Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры вице-президенті (ИФАД) Мишель Мордасинидің сөзінше, Орталық Азияда шамамен 5,5 млн АҚШ доллары көлеміндеинвестициялайтын бағдарламалары бар. Олар елімізбен де байланыс көпірін орнатуға ынта­лы. «Астана экономикалық форумына қатысу арқылы Қазақстандағы бірлескен операциялардың мүмкіндігін бағамдаймыз. Корпоративтік фермерлікті инвестициялауда теңгерім ор­натып, шаруа қожалықтары мен отбасылық шаруашылықтарға мән бере аламыз. ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ұйымды құруға Қазақстанның бастамашылдық танытуы асамаңызды қадамға айналды.Қазақстан астықтың аса маңызды өндірушісіне айналған. Әлбетте, агроөнеркәсіптік кешеннің өзге салаларында және ірі инвести­циялар үшін де үлкен әлеует бар. Қазақстан бұл бағытта елеулі жетістіктерді бағындыратыны даусыз», – деп атап өтті ол.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында қолға алынған шаруалар алып жобалар мен ірі инвестициялар үшін тартымдылықты қалыптастырады. Мишель Мордасинидің байламынша, Қазақстан жалпы еуразиялық аумақта азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жетекші рөлді иеленеді. «Мемлекеттеріңіз тек азық-түлік хабы ғана емес, ол ұлттық деңгеймен қатар ау- мақтық, жаһандық дәрежеде көшбасшы ретінде қалыптасуда. Меніңше, өнімділік пен дақылдың берекелігін қоршаған ортның аху­алымен сабақтастыру бойынша тындырылған әрі атқарылатын шаруалар бір төбе», – деп ол мәселенің мәнісіне тоқталды.

Ауа райының өзгеруі, судың тапшылығы, топырақтың деградацияға ұшырауы – бұл әлемдегі барлық мемлекеттердің мәселелері. Шынымен көптеген аймақтарда бұлқауіп ушыға түсуде. Бұл бағытта ҚР Үкіметі «Агробизнес – 2020» бағдарламасында ауыл- шаруашылық зерттеуді қалай қамтамасыз ету қажет, ауыл шаруашылық кәсіпкерліктің құлашын кеңінен жаю және ша­руалармен ауыл шаруашылығында менеджментті дамытудың жолдары төңірегінде сұхбат құру бар. Шетелдік сарапшы ауылшаруашылық өнімнің экс­порты ауанын көрсететін де­ректер де көңілге медеу екенін атап өтті. Оның сөзіне сүйенсек, елдің әлеуметтік экономикалық дамуы тұрғысынан ауыл шаруашылығының рөлі, оны нақты қалай жүзеге асыру қажеттігі бойынша нақты ұстаным бар. Сонымен қатар трансформациялық әдіс те байқалады.

Венера Мұстафина

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Что чаще всего воруют рабочие вашего сельхозпредприятия?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы