Қайта өңдеу құлашын кеңге жаймақ

Агроөнеркәсіптік кешеннің асығы алшысынан түспек. Оған еліміздің бас аграрийі сенімді. Межеленген алып 15 жобаға үміт артылып отыр. Ауыл шаруашылығының әлеуетін еселейтін тың өндірістерге шетелдік инвесторлар қаржы құймақ, жаңа нарықтарға, соңғы технологияларға иек артуға жол ашпақ.

Өңдеуге серпіліс қажет

 cdab9d6a08ec89aa68dd921991843bbfАуыл шаруашылығының ауқымы кең. Бүгінде заманауи ет өндірісін құру міндеттелген. Көкөністер мен жемістер де молынан өсіріледі. Тек әлі де қолда бар қортолық кәдеге жаратылған жоқ. Қайта өңдеу жүгендеуді қажет етеді. «Қазақстанда шығарылған» таңбасы соғылған тауарларлегі еселегені мәлім.

– Ауыл шаруашылығы сала­сын дүниежүзіндегідей субсидияландыру керек. Бар гәп соған тіреледі. ДСҰ негізгі та­лабы бойынша демеуқаржыландыруды қысқарту қажет. Еуропа мен Францияда демеуқаржыландыру 20 пайыз деңгейінде. Америкалықтарда да субсидиялау одан кем емес. Ал бізге «қысқартыңдар» дейді, бірақ елімізде демеуқаржыландыру деңгейі тек 4 пайыз деңгейінде. Ресейде көрсеткіш 10 % құрайды. Сондықтан аграрлық секторға қолдау көрсетудің мақсаты – өнімнің қосымша құнын, қайта өңдеудің тереңдігін ұлғайту. Бізде жер жеткілікті, 200 млн. га табиғи жайылым бар. Оның арқасында экологиялық таза және ең арзан ет-сүт өнімдерін алуға болады. 25 млн. га егістік алқаптары еншімізде. Әлемде ең жақсы астықты өсіреміз.

Әлемде ең жақсы астықты өсіреміз. Бірақ оны ұнға ғана емес, ма­карон өнімдеріне және тағыбасқасына өңдеу қажет. Сәй- кесінше оның бағасы да өзгереді, – деп атап өтті Елбасы.

Бұл сала аяққа нық тұрып, дамудың даңғыл жолына түссе, қатал бәсекелестікке де міз бақпай төтеп бермекпіз.

Жаңа жобаларға үміт көп

Жүктелген жауапкершілікті құзырлы министрлік арқаламақ. Шенділер әліптің артын бақпай, қимылға кіріскен. Тың 15 жоба өмірге жолдама алмақ. Әзірге олар қағаз жүзінде елеп- екшеліп, пысықталуда. Анығы, әрқайсысына шетелдіктер қаржы құймақ. Жалпы құны шамамен 190 млрд.теңгеге бағаланған. Сүт өндiру, май өнiмдерiн өндiру және дәндi дақылдарды терең өңдеу де жаңа өндіріс ошақтарынан кенде қалмақ емес. Етті қайта өңдеу және етті мал шаруашылығы бағытында 4 жоба қолға алынады. Мәселен, «Еуразия Агрохолдинг» ЖШС қалдықсыз өнім өндірмек. Жылдық қуаттылығы 17 мың тоннаны құрайтын ет өңдеу кешені ашылады. Онда жоспарға сай мүйіз, тері секілді қалдықтарды өңдейтін желі де іске қосылады.

3 құс фабрикасы бой көтермек. Жалпы жылдық қуаттылығы 90 мың тоннаға жетеді деп күтілуде. Нәтижесінде сырттан дорбаланатын құсетінің көлемін 50 пайызға қысқарту көзделген. Өткен жылы оның деңгейі 160 мың тоннаны құрады.

Майлы дақылдарды өткізуде маңдайлары тасқа тиетін шаруалардың да бағы жанатын сиқы бар. Жоспар бойынша 3 зауыт қолданысқа тапсырылмақ. Олардың бір жылда 1 млн. т онна майлы дақылды өңдеуге қауқарлы. «Егiн шаруашылығында қолданылмай жатқан жерлердi әртараптандырудың арқасында май­лы дақылдардың аумағы ұлғаюда. Өткен жылы алғаш рет оның алқабы 2 млн.га асып жығылды. Бірақ оның өнімін өткізуде тығырыққа тірелдік. Біздің әлемдік сұранысқа және шикізат бағасының құбылуына тәуелділігіміз арта түсті. Сондықтан өзіміздің өндірісімізді дамытып, дәнді майға өңдеп, оны саудаға шығару қажет»,-деп қынжылды мәселенің жай-жапсарын жіпке тізген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Шетелдік инвестиция­лар тартылады

Ресейлік «Эвко» компания­сы 2 май зауытының құрылысына кіріспек. Өңдеу ошақтары еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде бой көтереді. Сонымен қатар қуаттылығы 50 мың тон­наны құрайтын 2 элеватор және 4 дайындау-сервистік орталықтар салынбақ.

Ал «Молочные историй» ЖШС Ақтөбе облысында екі жыл­дан бері алып жобаға жан бітіруде. Қалдықзсыз өнім шығарылмақ. Етті қайта өңдеу кешеніне құйылған инвестицияның жалпы құны 10,8 млрд. теңге. Ресейлік кәсіпорын толық циклды ет комбинатын қолданысқа тапсыруды ме­желеп отыр. «Оның аясында бордақылау алаңдары, құрама жем зауыты, ет кластері бой көтермек. Жоспар бойынша ет комбинатының құрылысы биылғы қараша айында аяқталады. Негізінен 1500 жұмыс орны ұсынылмақ. Ал жобалық қуаттылыққа 2017 жылға шығамыз деген ойдамыз», – деп жобаның мәнін серіктестік ди­ректоры Нұрлан Санғалин түсіндірді.

John Deere енді елімізде құрастырылады

2016 жылы отандық тау­ар өндірушілер қазақстандық John Deereдің қауқарын сынға салмақ. Техниканы Павлодар қаласында құрастыру көзделіп отыр. Алып жобаны шетелдік«John Deere» корпорациясы жүйелі түрде кезеңмен іске асырмақ. Олар жер-жаһандағы 70 зауытқа иелік етеді. Елімізде қанатын жаятын кәсіпорын Еуразиялық экономикалық одақ аумағында үшінші саналады. Келесі жылғы егіс науқанына 1000 техника сайланбақ. «Оның ішінде 3 00 астық жинау ком­байндары, 150 себу кешендері, 250 шағын трактор, 50 бүрку, 50 топырақ өңдейтін құрылғылар бар. Жоба аясында аймақтарда батыстық талапқа сервистік- өндірістік орталықтарды салу жоспарланып отыр. Бүгінде Қазақстанда қызмет көрсететін орталықтардың саны 13-ке жетті», – деп түсіндірді «Еурагия групп» компаниясының өкілі Тілек Бенасаров.

Бүгінде еліміздегі «John Deere» техникасының саны 10 мыңға жуықтайды.

Импортқа тәуелділік кеміді

Азық-түлікпен қамтамасыз етуде сыртқа тәуелділіктен арылудамыз. Ресми дәйектер мен деректерді сөйлетсек, тәуелсіздік жылдары ішінде оң үрдіс тұңғыш рет байқалған. Өзге елдерден тасылатын сиыр етінің көлемі 40,2 пайызға азай­са, тауарлық жұмыртқа үш, кар­топ екі, қияр 4,8 есе төмендеді. Есесіне өзге нарықтарға жол тартқан отандық өнімнің үлесі көбейген. Сүт өнімдерін сыртқы нарықтарда саудалау 6 есе артты. Соңғы 22 жылда ет экспорты атымен бол­маса, 2013 жылы алғаш рет оның 1000 тоннасы сыртқа жөнелтілді. Былтыр 12 мың тоннаға жуық қазақстандық ет және ет өнімдері шекара асты. Оның 7 мың тоннасы сиыр еті. Шұжық өнімдерінің, ет консервісінің экспорты бір жыл­да тиісінше 9 және 2 пайызға ұлғайған. Олар негізінен көрші Ресейде өткізіледі. Десекте қазақстандық етке қытай- лықтар мен өзбекстандықтар да қолқа салып отырған көрінеді.

Көрші мемлекеттегі валютаның құбылуына қарамастан, биыл да жағымды үрдіс сақталған. 2 ай ішінде 620 мың тонна құс еті экспортталды. Ал өткен жылдың сәйкес мерзімінде көрсеткіш баржоғы 141 тоннаға жеткен. Былтыр ірімшік пен сүзбе шетел аспаса, есесіне биыл оның 316 тоннасы өзге елдердің нарығына жол тарт­ты. Мұны жауапты ведомство өкілдері «Агробизнес 2020» бағдарламасының алғашқы жемісімен сабақтастырады.

– Тамақ өндірісі 3 пайызға ар­тып, алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты. Өнімнің негізгі түрлері бойынша азық-түлік қауіпсіздігі 80 пайыздан артты. Импорт 2,9 млрд. АҚШ долларына, экспорт 1,1 млрд. АҚШ долларына тең. Жалпы азық-түлік импорты 6,2 пайызға төмендеді. ЕАЭО елдерінен тасымалданатын тауарлар көлемі 10 пайызға төмендеді, – деп тергіштеді министр.

 Елімізде 9 млн. га жер кәдеге жаратылмай, өз «кезегін» күтіп, бос тұр. Ресми мәлімет 2012-2014 жылдар аралығында елімізде жүргізілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді түгендеу нәтижесінде анықталған. Табиғи байлықты жеміс- жидек пен көкөністі өсіру үшін пайдаланудың орнына әзірге қол қусырып, қарекетсіз отырмыз. Елбасы «бүкіл әлемде азық-түлікті қалай өсіреміз деп жанталасса, бізде тоғыз миллион гектар айна­лымнан шығып қалған» деп атап өткенді. Сәйкесінше ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді жекешелендіруді бастау қажеттігі баса айтылды. Бұл ретте оған ниет білдірушінің тәжірибесі, біліктілігі, қаражаты мен техникасы да қаперге алынады. Қолынан іс келетіндер, тынбай тер төгетіндер жерді жекешелендірмек. Ал оны жөнді кәдеге жаратпай­тындар жер учаскесі қайтарылып алынуы ықтимал. Сондықтан бұл мәселеде жүрдім-бардымға жол берілмейді. 2012 жылы жеті жарым миллион гектарға жуық аумақта ауыл шаруашылығына арналған 19 мың жер телімі кәдеге жаратылмайтыны анықталған. Олардың 943 мың га егістік алқаптар саналады. Кәдеге жаратылмаған учаскелердің 91 пайызы шаруа қожалықтарына тиесілі. Түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 1,2 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. 2013 жылы 532 мың гектар мемлекеттің қарауына өтті. Ал былтырғы пайдаланыл­май, қараусыз қалған жер учаскелерін анықтау шара­лары әзірге әлі де жүргізілуде.

Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтің сөзіне сүйенсек, жерді жеке меншікке тапсырудың жаңа тетіктері әзірленуде. Тиісті заңнамалық база биылғы күзде халық қалаулыларына ұсынылады деп жоспарланған.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    От чего в наибольшей степени зависит размер урожая?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы