•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 1 313

    Ырғызда алғашқы жылыжай салынды

    «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Бастау бизнес» жобасы ырғыздықтардың кәсіп ашуына өз септігін тигізіп отыр.  

     

    Ырғыздықтар алдағы уақытта қызанақ пен қиярды сырттан тасымайды. Себебі ауданда алғашқы жылыжай іске қосылды. Ырғыздық Серік Сәдірханов былтыр «Бастау бизнес» жобасында оқып, 6 миллион теңге несие алып, осы шаруаны бастап кетті. Биыл алғашқы тұқымды себеді, деп хабарлайды Aktobegazeti.kz тілшісі.

    Фото: aktobegazeti.kz

    Фото: aktobegazeti.kz

    — Жылыжай салу туралы ой өткен жылы Сарыағаш ауданына барған сапарымда туды. Келіншегімнің ағалары осы кәсіппен айналысады екен. Шаруашылығымен таныса келе, тәуекелге бел будым. «Бастау бизнес» жобасында бір ай оқыдым. Курсты толық аяқтаған соң, «Ырғыз несие» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен  алты пайыздық жеңілдікпен 6 миллион теңге несие алдым. Ауламдағы он сотық жерге құрылыс жұмыстарын жүргіздім. Қазір тұқым себуге  дайындалып жатырмын, — дейді Серік.

    Жылыжай кешенін оңтүстіктен келген жігіттер тұрғызып беріпті. Қалай егу, суару   және күтім жасау қажеттігін солардан үйреніп жатыр.

    — Жылыжай ісі оңтүстік өңірде мықтап дамыған. Олар бір жылда төрт рет өнім алады. Сондықтан тыңайтқышты көп қосады. Ал Ырғыздың сары топырағынан өнім алу қиын, сондықтан қара топырақ салдық. Тек қана тұщы сумен суарамыз. Жалпы, оңай шаруа емес, — дейді Серік.

    Тұқымды да оңтүстіктен  алдыртыпты. Мәселен, қарапайым қызанақ тез езіліп қалатын болса,  «түрік қызанағы» деп аталатын түрі бірден бұзылып кетпейді, сырты қалың, үш-төрт күнге дейін шыдас береді. Сондықтан Серік қияр мен қызанақтың ұзақ сақтауға келетін түрін егеді. Болашақта жылыжай аумағын бір гектарға дейін жеткізу ойында  бар. Биыл алғашқы өнімді алып, тәжірибе шыңдаса, алдағы жылдары бұл жоспарының да орындаларына сенімді. Себебі ауданда сұраныс бар. Егер өнімді молынан алса, жұртшылық сырттан қияр мен қызанақ тасымайды. Серіктің өзі бұған дейін түрлі кәсіппен айналысыпты. Бір жылдары қалаға барып құрылыс жұмыстарында еңбек еткен. Алайда тұрақты іс болмағандықтан, табыс та көп болмады. Кейін ауылға келіп, шаруашылықпен айналысуды жөн санайды.  Осылайша жылыжай құрылысын бастаған Серік өз ісіне еш өкінбейді.

    Тауық бағып, тұрмысын түзеді

    Төлеген Қуантайұлы  «Бастау бизнес» жобасында оқып, ауданда алғаш рет құс шаруашылығы ашты. Қазір ол 200-ге жуық тауық бағып отыр.

    — Құс шаруашылығы — менің ата-бабамнан қалған дәстүр. Бала кезімнен осы шаруашылықтың қыр-сырын біліп өстім. Үйдегі құстың саны 5 мыңға дейін жеткен кезі болды. Мектеп бітіріп, әскерге кететін кезде барлығын сатып жібердік. Себебі оны бағып, күту үшін де жұмыс күші керек. Әскерден оралған соң әр жерде жұмыс жасадым. Ақтөбеге барып құрылыс саласында еңбек еттім. Қалада тұрақтамаған соң ауылға келіп мал шаруашылығымен айналыстым. Ойлана келе атакәсіпті жалғастыруды жөн санадым. Соңғы үш жылдықта үйдегі тауықтың санын өсірдім. Былтыр «Бастау бизнес» жобасында оқып, шағын кәсіптің қыр-сырын меңгердім. Маркетинг, менеджмент туралы түсінігім кеңейді. Сөйтіп, көп ойланбастан  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан алты пайыздық жеңілдікпен үш жылға бір миллион теңге несие алдым. Бұл қаржыға Ресейден тауық сатып алдым. Қораның құрылысына қажетті қаржыны өз қалтамнан шығардым. Осылайша істі бастап кеттім. Қазір тауықтың саны екі жүзден асады. Қажетті жемін Ақтөбеден алдырамын, — дейді Төлеген.

    Төлеген бір түйір жұмыртқаны 30 теңгеден сатады.  Қазір ырғыздықтардың басым бөлігі жұмыртқаны Төлегеннен алады. Себебі — табиғи өнім. Тауықтар ешқандай қоспа қосылмаған жем жейді, таза су ішеді. Жарық пен жылу да бір жүйеге келтірілген.

    — Қазір адамдар табиғи тағамның құнын түсініп келеді. Интернеттен жұмыртқаның жасанды түрі қалай шығарылатынын көріп жүрміз. Сондықтан азық-түлікті  сенімді жерден алған дұрыс. Үйдің жұмыртқасы болғасын ауылдастарым ешқандай күдіксіз сатып алады. Дүкенге шығарып, сатуға үлгермейміз. Барлығы алдын ала тапсырыс беріп, үйден алып кетеді, —  дейді Төлеген.

    Кәсіпкер жігіт барлық шаруаны өзі атқарып отыр. Тауықтан бөлек қаз, қоян өсіреді. Ырғыздықтар қаз бен қоянның етін Төлегеннің үйінен алады. Жалпы Ырғызда бұндай ірі құс  шаруашылығы  жоқ.

    Құс өсіру — бейнеті көп шаруа. Ең алдымен жылуы жақсы, азығы  дұрыс болуы керек. Қиындығы көп болса да Төлеген шаруасын дөңгелентіп,  отбасын асырап отыр. Қаладан жұмыс таппай, сенделіп жүрген кейбір жастарға Төлеген сияқты жігіттер үлгі  болады.

    Несие алды, жиһаз жасады

    Ырғыздық  жеке кәсіпкер Қайрат Бижан он жылдан бері жиһаз жасайды. Ол кеңестік кезеңдегі ескі шифоньерлерді қайта жөндеумен айналысып жүріп, осы кәсіппен қалай шұғылданып кеткенін өзі де байқамай қалыпты.

    — Негізі бала кезімнен осындай іске құмар болдым. Суретті жақсы саламын, ағаштан түрлі бұйымдар жасаймын. Мектепте қабырға газеттерін сәндеу,  өзге де жұмыстарды мен атқаратын едім. Әскерде жүргенде альбом жасадым. Кейін ескі жиһаздарды жөндеп, қайта құрастырумен айналыстым. Тапсырыс көп түсе бастады.  Тұтынушының талғамынан шығу үшін барымды салып еңбектендім. Ағаш кесетін станок сатып алғаннан кейін жұмысым тіпті жандана түсті. Бірақ шаруаны кеңейту үшін қаржы керек болды. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша несие алып, қосымша құралдар мен шикізат сатып алдым. Былтыр «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыдым. «Даму» қоры арқылы миллион теңге несие алдым. Алты пайыздық үстемемен төлеймін.  Алғашқы үш айда жеңілдік береді. Бұндай несие түрі шағын шаруашылықтарға тіпті  тиімді. Кәсібіңді ретке келтіріп алғанша несиеге бас ауыртпайсың, — дейді Қайрат.

    Кәсіпкер алған қаржысына бұл жолы заманауи станок сатып алыпты. Қазір асүй, жатын бөлме және  өзге де жиһаз түрлерін жасайды. Үйінің жанынан «Жұпар» жиһаз дүкенін ашқан. Тұрғындарға жиһазды «бөліп төлеу» әдісімен сатады.

    Себебі ауыл халқының барлығы бірдей емес. Жиһаздың құнын бірден төлеп алуға көпбалалы отбасылар қиналуы мүмкін.  Сондықтан ол жиһаздары аса қымбат болмаса да  тұтынушының ыңғайына қарай сатады.

    Ырғыздың орталығында шағын цехын жандандырып отырған Қайрат ауылда жұмыс жоқ дейтіндермен келіспейді.

    — Ерінбей еңбек еткен адамға шаруа көп. Ол үшін жалқаулықтан арылу керек. Жан қинамай, жетістікке жете алмайсың, — дейді кәсіпкер.

    Опубликовано 29.04.2019

    Поделиться материалом

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Архивы

    • Опрос

      Каких специалистов не хватает на вашем сельхозпредприятии?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      10°
      17°
      Ср
      16°
      Чт
      12°
      Пт
      11°
      Сб
      8°
      Вс
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39