•  

    Рубрика: Бизнес | Свободная тема |  Просмотры - 1 804

    Ықпалдастықтың құлашы кең

    Яо ПэйшэнҚазақстан мен Қытай арасындағы алыс-беріс артып, аграрлық саладағы байланыс көпірі де нығая түскен. Соңғы екі жылдың өзінде жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын екіжақты келісімшарттарға қол қойылды. Оның аясында бірлескен индустриалды-инновациялық жобаларға жан бітіру де көзделген.

    Инфрақұрылымға қан жүгіртетін қазақстандық «Нұрлы жол» мен қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастамасы да бір-бірін толықтырады. Ал тауар айналымы 337 миллионнан 22 миллиард долларға дейін көбейді. Өткен жылғы ресми мәліметтер оның бір айғағы. Сандарды тергіштесек, аспан асты еліне өнімнің 59 түрі жеткізілген. Олардың жалпы көлемі 400 мың тоннаға жуықтайтын көрінеді. Қытайлықтар Қазақстандағы сары алтынға, күнбағысқа, сұйық майға қол салады. Олар отандық шоколадтың, кондитерлік өнімдердің де дәмін татқан. Әлі де қос мемлекеттің ынтымақтастық аясы кең. Қытай Сыртқы істер министрлігі елшісінің пікірі осыған саяды. ҚХР Қазақстандағы бұрынғы елшісі, «Жібек Жолы» бейбітшілік сыйлығы комитетінің мүшесі Яо Пэйшэн экслюзивті сұхбат барысында екіжақты қарым-қатынастың бүгіні мен келешегін ой елегінен өткізді.

    – Яо мырза, соңғы жылдар ішінде бірқатар алып жобалар өмірге жолдама алды. Екі мемлекет бірлесіп, Алтынкөл-Қорғас теміржол өткелі, Бозой-Шымкент, Ляньюньган логистикалық терминал, Ақтау битум зауыты калий тыңайтшықтары өндірісі іске қосылды. Тауар айналымы да артып, алыс-беріс күшейді. Аграрлық салада қолға алынған қадамдар да ықпалдастыққа жаңа серпін берді емес пе?

    – Қазақстан мен Қытай арасында аграрлық салада берік байланыс көпірі орнатылған. Әлі де екі жақты қам-қарекет үшін мүмкіндіктер көкжиегі кең.

    Өткен жылдың желтоқсан айында қос мемлекеттің үкімет басшылары агроөнеркәсіптік кешендегі ынты­мақтастықты нығайту туралы маңызды құжатты мақұл­дады. Бағзы уақыттарда біз тек қуатты игеруде өза­ра күш-жігерімізді біріктірдік. Енді барлық салалар бойынша алыс-беріс нығайып, бірлескен жобалар да қолға алынуда. Екіжақты ықпалдастық үшін әлеуетіміз және мүмкіндіктеріміз бір төбе. Басымдықтарда тиі­сінше кәдеге жарату қажет.

    Еуропа мен Азияның тоғысындағы Қазақстанның географиялық жайғасуы өте тиімді. Еуразиялық құр­лықтағы «ірі пошта стансасына» айналуға қажетті алғы шарттардың барлығы бар. Себебі шығыс бағыт­та әлемдегі алып экономика орналасса, батыста тұты­ну нарықтарының құлашы кең Шығыс Еуропа, Батыс Азия мемлекеттері қанат жайған.

    Қазақстан аграрлық мемлекет екені мәшһүр. Дәннің сапасы да көңілге қуаныш ұялатады. Ас атасы нанды әзірлеу қамында оған көз жеткізуге болады. Қытайда қамыр күрішпен қатар бидайдың түрлі сұрыптарынан иленеді. Халықтың саны қалың болғандықтан, нанға да сұраныс көп. Бір жылдары өзіміздің дәнді дақыл­ды өткізе алмай, тығырыққа тірелген-дік. Бүгінде қолбайлау түйіткіл тарқатылды. Енді сары алтынды Қазақстаннан да сатып аламыз. Бұл бағытта өзара ықпалдастықтың құлашы әлі де кең.

    - Қолға алынған бағдарламалар мен жобалар да өзара сабақтасатыны даусыз.

    – Сөзіңіздің жаны бар. Ұлы Жібек жолының Қаза­қстансыз қайта жаңғыруы екіталай. Керісінше, оның арқасында түрлі салалардағы өзара іс-әрекет кеңейе­ді. Меніңше, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен эко­номикалық белдеу жобасы өзара сабақтас. Сәйке­сінше олардың түйісуі әбден ықтимал. Бұл сіздер және біздер үшін маңызды оқиғаға айналады. Себе­бі Орталық Азияда әлі де инфрақұрылымның ахуалы көңіл көншітпейді. Бірақ өткен жылдың мамырынан бері экономикалық белдеу бойынша қам-қарекет­тер қолға алынған. Қос тараптың мамандары кеңе­сіп, құрылыс жұмыстарына жан бітті. Бұл ретте білік­ті мамандарды даярлауға баса мән берілген. Мәсе­лен, Қытайда жыл санап қариялардың саны еселену­де. Халық жасару құбылысы анық байқалуда. Бұл өз кезегінде жалпы қоғамның дамуына кері әсерін тизі­гуі кәдік.

    Венера Мұстафина

    Опубликовано 19.05.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -1°
      0°
      Ср
      0°
      Чт
      -1°
      Пт
      -5°
      Сб
      -8°
      Вс
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian