•  

    Рубрика: Бизнес | Сельхозтехника и оборудование |  Просмотры - 1 594

    Техника құны шарықтауы ықтимал

    Кәдеге жаратылатын заманауи құрал-жабдықтар мен техника дәнді ысырапсыз қамбаға құюға қолғабыс етеді. Диқандар қауымы заманауи техниканың артықшылықтарын тү­сінгенімен, көрпелеріне қарай көсілуге тура келеді. Бүгінде құрылғы атаулының бағасы күйіп тұр. Шаруасын дөңгелетуге бекінген диқандарды демеу үшін ел қазынасынан демеу- қаржы бөлінеді. Жеңілдетілген несиелендіру бағдарламалары да өмірге жолдама алған. Алайда көрпесіне қарай көсілген тауар өндірушілердің кейбірі әлі де жаңа техниканы армандауда. Бұл ретте «Қазақстанда шығарылған» белгісі таңылған ауылшаруашылық техниканы құрастырушылар бағаның қымбаттайтынын алға тартуда. Бұл туралы сұхбат барысында «Ростсельмаш» сервистік орталығы Қостанай облысындағы сауда-саттық бойынша өңірлік менеджер Бақтияр Есмұханов мәлімдеді.

    - Бақтияр Серікұлы, биылғы жылы қазақстандық шаруалар сыртқа ат арылтпай, елімізде құрастырылған комбайн- дарды сатып алу мүмкіндігін иеленді. Межеленген жоспар қаншалықты орындалды?

    – Биыл Көкшетау қаласында 250-ге жуық комбайн құрастырыл­ды. Олардың әрқайсысы өз иесін тапты. Бірақ оның өзі аздық етіп, диқандар қауымының сұранысы толық өтелмеді. Сондықтан жер­гілікті жерде жиналатын техни­каның санын арттыру ұйғарыл­ды. Бұл ретте ауылшаруашылық тауар өндірушілерді демеуқар­жыландыру бағытында мемлекет­тің жылы алақаны сезілді. Биыл отандастарымыз еншілеген жаңа комбайнның жалпы саны 400-ден асып жығылады.

    - Келесі жылға межелеген жоспар қандай?

    – Әлеует бар, әлі де қамшылай­тын тұстар бар. Әзірге 2016 жылы құрастырылатын техниканың саны 500-ден асып жығылады деп күті­луде. Нарықтың, диқандардың қажеттіліктеріне сай өндірісті бел­сендетеміз. Әуелі нарықты зерде­леу қажеттігі туындап отыр. Ауыл шаруашылығы тауар өндіруші­лердің талаптарын қаперге алып, ұсыныстарына баса назар берілмек.

    - Отандық комбайнның бағасы қаншалықты диқан­дар үшін қолжетімді? Олар­дың құны қалтаны қаға ма?

    – Баға факторы негізінен күр­делі мәселе. Біз жергілікті диқан­дар қауымының талаптарын мүм­кіндігінше ескеруге тырысамыз.

    Бүгінде түрлі қаржылық тетіктерді кәдеге жарату жайы бағамдалуда. Енді әрбір тұтынушыға баланысты икемді жүйе қолданысқа енбек. Сырттан тасымалданған қосалқы бөлшектерден құрастырылған техниканың артықшылығы құны­на да әсер ететіні сөзсіз.

    Егер бағаның қымбаттауы жайлы сөз қозғасақ, ол әлемдік экономикадағы инфляцияның деңгейіне сәйкестендірілмек. Шамамен техниканың құны 10-12 пайызға көтерілуі кәдік. Бірақ оның өсімі қисынды болмақ. Негізсіз шарықтауға жол беріл­мейді. Оның жай-жапсары бүгін­де кеңінен талқылануда. Әуе­лі диқандардың қамына назар аударылады. Екінші кезекте ғана өзіміздің кірісіміз бен кәсібіміз туралы толғанамыз.

    - Келесі жылдан бастап егін шаруашылығында гек­тарлық субсидиядан бас тартып, қаржыны жаңа құрал-жабдықтармен, тех­никамен бағыттау көздел­ген. Бұл тетік қаншалықты тиімді деп ойлайсыз?

    -Меніңше, аталған тетік тауар өндірушілерді қолдағы паркті жаңартуға ынталандыра түседі. Оның арқасында қосымша тех­никаны сатып алуға, қолдағыны жаңартып, алқаптарды көбей­туге жол ашылмақ. Ел қазына­сынан үлестірілетін демеуқаржы мақсатты түрде қолданылатыны даусыз. Мемлекеттік демеуді мақсатты түрде кәдеге жаратпайтындардың арасы сирейді. Негізінен тек ісіне мықты шаруа- шылықтар қалмақ.

    - Бүгінде Қостанай облы- сында компанияларыңыз- дың қанша техникасы қол­данылуда?

    – Әр өңірдің өзінің ерекше­ліктері бар. Өз басым Қоста­най облысының өкілдігінде тер төгемін. Пайыздық арақа­тынасты бағамдасақ, бүгін­де аймақтағы техника паркі 50 пайызға жаңғыртылған. Бұл бағытта түйіткілді мәселелер әлі де шаш етектен.

    Егер 2015 жылғы техниканы алсақ, онда толық комплекті­лі, ұсақтағышы, 7 метрлік жат­касы бар комбайнның құны 26 миллион теңгеден баста­лады. Қосымша құрылғыларды санасақ, құрылым күрделенсе, онда баға 27 миллионнан асып жығылады.

    Биылғы жылдың тәжірибе­сі өзімізде де комбайндар­ды құрастыра алатынымызды дәлелдеді.

    - Қазақстанның үлесі бар ма?

    – Бізге қажетті барлық бөл­шектер Ресейдегі негізгі зауыт­тан жеткізіледі. Жергілікті үлес те бар. Бірақ оның пайызы аса үлкен емес: 10-20% аралығын­да. Бұл жекелеген түйіндер, ору бөлігіндегі кей құралдар, ұсақтағыштар. Әзірге елімізде қозғалтқышты, күрделі гидрав­ликалық бөліктерді жинайтын зауыттар жоқтың қасы.

    - Тұщымды жауаптарыңызға рахмет.

    Венера Мұстафина

    Опубликовано 27.05.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      10°
      6°
      Сб
      7°
      Вс
      7°
      Пн
      10°
      Вт
      8°
      Ср
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian