•  

    Рубрика: Свободная тема | Хозяин |  Просмотры - 2 357

    Тұтынушының көңілі импортқа ауа ма?

    для 2 статьиСауда орындарында өзіміздікінен гөрі шетелдік жемістер самсап тұр. Алма мен жүзімді сатып алуда әлі де сыртқы нарыққа бүйрегіміз бұрады. Бағбандыққа ден қойған Нұрлан Құраловтың пі­кірі осыған саяды. Шаруа өнімді өткізуде тығырыққа тірелетініне күйініп отыр. Кесірінен отандық жемістер көбіне-көп жергілікті сауда орындарына жол тартпай, шекара асатын көрінеді.

    Сауда желісіне тәуелділік

    «Амангелді» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күн­гейде қанат жайған. 7 жылда шаруашылықтың тасы өрге домалады. Тиесілі егістік алқабы 30 мың гектарға жуықтайды. Оған жылда дәнді дақыл сіңіріледі. Биылғы гектар берекелігі16 центнерден айналған. Бұйырған сары алтынның артылғаны саудаланды. Ал бір бөлігі ата кәсіптің тынысын кеңейтуге бағытталмақ. Сүтті сиырлар­ды көбейтуге ден қойылған. Ақ өңделмейді. Сүт күйінде жергілікті нарыққа ұсынылады. Бүгінде серіктестік енші­сінде 200 бас ірі қара бар. Оның басы-қасындағы Нұрлан Құралов бағындырған жетістіктеріне тоқмейілсімейді.

    Әмбебап шаруашылықтың жетекшісі жеміс бауларын жайқалтып, алма мен жүзімнен нәпақа табуда. Бағбан­дыққа ден қойған оңтүстікқазақстандықтар арасында оның кәсібі ірі саналады. Интенсивті технология 400- ден астам гектар аумақта кәдеге жаратылады. Отандық көшеттер тапшы болғандықтан, өзге мемлекеттерге де қолқа салынады. Талап бойынша бір гектарға қажет­ті ағаштардың саны 1500-ден 3 мыңға дейінгі аралықты құрайды.

    Тауар өндіруші судан тарықпайды. Тіршілік көзін үнем­ді пайдаланудың оңтайлы жолына иек артқан. Тамшыла­тып суару жүйесі арқылы бақша өнімдері суарылады.

    150 гектар аумақта жүзім өсірілсе, 300 гектарға алма көшеттері егілген. Кәсіпкер төгілген тердің зейнетін өткен жылы татқан. Алғашқы өнімге қарық болғанымен, оны өткізуге келгенде шаруаның маңдайы тасқа тиетін көрі­неді. Сауда желілерімен «байланыс көпірін» орнатып, бір тоқтамға келуде де тығырыққа тірелетінін мойындайды.

    – Пайда көл-көсір деп айта алмаймын. Себебі әлі де межеленген өнімділікті еңсерген жоқпыз. Оған қол жет­се де, қазір шетелдік жүзім 700-800 теңгеге саудала­нуда. Ал біз алма мен жүзімнің келісін 200-250 теңге­ге бағаладық.

    Десек те өсірілген алма мен жүзімді өткі­зу әуре-сарсаңға айналды. Мәселен, базарға барсаң, сырттан жеткізілген жеміс самсап тұр. Олардың арасын­да қытайлық, ирандық, польшалық, голландиялық алма­лар бар. Бағаларын таразыласақ, біздің өнімнің құны импортқа қарағанда арзан. Бірақ жергілікті тұтынушылар көбіне сырттан тасымалданған жүзім мен алманы сатып алады. Бүгінде Астананы бағындыруға бет бұрдық. Бірақ елордалық нарыққа кіру екіталай. Ірі дүкендерде өздері­нің сызба нұсқалары бар, – деп мәселенің жай-жапсарын Нұрлан Құралов жіпке тізді.

    Реттеу тетіктері қажет

    Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде алма мен жүзім­ге сұраныс көп емес. Себебі оны өз ауласында өсіре­тіндердің қатары қалың. Сәйкесінше күзгі жиын-терім­нен бұйырған өнімнің бір бөлігі сыртқы нарыққа жол тартады. Қазақстанда өсірілген жемістер ресейліктер­дің дастарханынан табылады. Кәсіпкер өзімізде қаға­жу отандық алма мен жүзім шекара асатынына налиды. «Жылда жиналған жемістерді Ресейге өткіземіз. Бірақ өзімізге жетпей жатқанда оны сыртқа арбалаудың мәні жоқ деп ойлаймын. Есесіне сырттан ағылған тауардың орнын жергілікті өніммен алмастыру қажет. Заң жүзінде оның тетіктері қарастырылса құба-құп», – деп күйінеді ол.

    Отандық тауар өндіруші сырттан жеткізілетін өнім­дердің сапасына бақылауды күшейтуді құптайды. Қолға алынатын шаралардың бір парасы салыққа тіреледі.

    – Ол үшін шеттен келетін тауарларға баж салығын көбейткен дұрыс. Оның қазіргі деңгейі ешқандай рөл­ді ойнамады. Ол бізді бәсекеге қабілетті ете алмайды. Ал Өзбекстандағы секілді 10-15% болса, онда ауыл­шаруашылық тауар өндірушілер үшін алманы, жүзім­ді өткізуге мүмкіндік туады, – деп тергіштеді серіктестік басшысы.

    Қызылқия елді мекеніндегі шаруашылық биылғы өнімдерін сақтаудың амалын тапқан. Несиеге заманауи тоңазытқыш сатып алынды. Енді сұранысқа ие болмаған жемістер бұзылмай, ұзақ уақыт сақталмақ.

    «Дүкендер мен ірі сауда орындарында отандық өнім­дер «Қазақстанда шығарылған» белгісімен сатылды. Бірақ бұл бақылауға алынбай, оның барлығы бұрынғы қалпына келді. Біз өзімізді, отандық табиғи өнімді қол­дауымыз қажет», – деп түйіндеді кәсіпкер.

    Ресми сандарды сөйлетсек, қазақстандықтардың жемістерді тұтыну қажеттігі 383 мың тон­наны құрайды. Оның тек 75 пайызы отандық өнімдердің есебінен қамтамасыз етілуде. Қазақстан­дық бағбандардың төккен тері арқасында жылына 200 мың тонна отандық жеміске қарық боламыз. Ал тапшылықтың орны сырттан дорбаланатын өніммен толтырылады. 2014 жылы 500 мың тонна жеміс елімізге жеткізілсе, дені көрші Өзбекстанға тиесілі. Бұл ретте отандық алма мен жүзімді өсіруді қамшыландырған ләзім. Табиғаты қолайлы оңтүстік өңірдің жеміс-жидек өндіретін нағыз «фабрикаға» айналуға барлық мүмкіндігі бар. Ал отандық өнімге сұранысты арттыру үшін халық қалаулыларының бірі ынталандыру қажеттігін алға тартты. Бұл ретте АҚШ пен Ресейдің тәжірибесі зерделенуі тиіс.

    Венера Мұстафина

     Опубликовано 30.05.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Какая деятельность в сфере сельского хозяйства (вашей области) особенно подвержена коррупционным проявлениям?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -19°
      -18°
      Чт
      -19°
      Пт
      -19°
      Сб
      -19°
      Вс
      -22°
      Пн
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian