Шаруаны дөңгелету оңайға соқпай отыр (талдау үшін)

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы тауар өндірушілердің пікірі осыған саяды. Олардың кейбірі қаржыдан тарығып, кәсіпорындарының жұмысын тоқтатуға бел буған. Аймақтағы теңдесі жоқ тері илеу цехы да уақытша жабық. Шикізат көп болғанымен, оны сатып алуға қаражат жоқ.

Мәртөк ауданы бұрыннан ауылшаруашылық өнімде­рімен танымал еді. Жергілік­ті ет пен сүттің дәмітіл үйіреді. Облыс тұрғындары тарапынан да сұраныс жоғары. Қайта өңдеу саласы қанат жайған аудан­да ақты өңдеуге ден қойылған. Оған ірілі-ұсақты 50-ге жуық шаруа кіріскен. Бірі нарыққа дайын өнім шығарса, бірі жергі­лікті зауытқа шикізат жеткізуге ден қойды.Самат Садуанов қос бағытты да алып жүрген. «Алға­бас» ЖШС белгісімен сүт, айран мен ірімшік шығарылды. Бірақ бірнеше жылдан бері сүт зауыты тұралап тұр. Жарты ғасырлық тарихы бар кәсіпорындағы қым­бат құрылғылар да тоқтаған. Бар гәп айналымдағы қаржының жоқтығына тіреледі.

Зёрна в руке

– Сонымен қатар демпинг­тің кесірінен жергілікті өнімнен гөрі сырттан тасылған сапасыз тауарға сұраныс көбейді. Сон­дықтан оны өткізуде де кілти­пандар пайда болды. Бүгінде зауыт жұмыс істемейді. Енді тек аудандағы шаруалардан сүт­ті 85-90 теңгеге қабылдап, оны Ақтөбе қаласындағы зауытқа тапсырамыз. Әзірге осы шару­амен шектеліп отырмыз. Себе­бі айналымда қаржы болма­са, кәсіпті дөңгелетудің өзі екі­талай, – деп ағынан жарылды «Алғабас» ЖШС басы-қасындағы Самат Садуанов.

Отандық өнімнің бәсі бөлек, бірақ таңдауға келгенде шетел­дік ақтың бағы жанады. Оған «Алғабас» ЖШС директоры Самат Садуанов сенімді.

Қаржылық қысылтаяң кезең­нің лебін Абыл Гасанов та сезін­ді.Тері өңдеу кәсіпорны Мәртөк ауданының мақтанышына айналған-ды. Бірегей өңдеу ошағында бір айда 180 тонна тері иленген. Шикізат жергілік­ті тұрғындардан сатып алынды. Ірі қара малдың терісі сырттан да дорбаланған. Жартылай дайын өнімді өткізуде де ешбір тосқа­уылдар туындамаған. Көгілдір тері Испания, Италия, Қытай мем­лекеттеріне жол тартты. Өңдеу цехының жобалық қуаттылығы 180 тоннаны құрады. Бірақ шару­аны дөңгелету оңайға соқпады. Қалтаға салмақ түсіп, қаржының жетіспеушілігінен кәсіпорын уақытша жабылған.

– Терінің бағасы нарыққа сай құбылады. Бірақ оны сатып алуға айналымда қаржымыз жоқ. Сон­дықтан тері илейтін цехы тоқтап тұр. Кәсіпорында еңбек ете­тін жұмысшыларды да әзірге босаттық. Өңдеу ошағын қай­та іске қосу үшін қаржы инсти­тутына жүгіну жоспарымда бар. Өтінім құпталса, онда несие түріндегі қаржыға қол жеткізе­мін, – деп қолбайлау мәселенің мән-жайын «А.С.Ар.Аз.Г» шаруа қожалығының басшысы Абыл Гасанов түсіндірді.

Қайта өңдеу саласының аху­алынан аудандағы шенеуніктер хабардар. Ауыл шаруашылығы бөлімінің тізгінін ұстаған Шәміл Сариновтың сөзінше, бір кездері ауданда 3 сүт зауыты болған. Енді бар-жоғы біреуі ғана нарыққа өнім ұсынады. Өзгелері қар­жының тапшылығынан тақырға отырған.

Бүгінде Мәртөк ауданында ірі­лі-ұсақты 400-ден астам шару­ашылық бар. Олардың арасында дені шағын кәсіппен нәпақасын тауып отыр. Тауар өндірушілер көрпесіне қарай көсіледі. Тек айналымдағы қаржының тар­шылығы – шаруаны дөңгелету­ге қолбайлау. Тығырықтан шыға­тын жол – несие рәсімдеу. Бірақ екінің бірі қаржы институтының талап үдесінен шыға бермейді. Бар гәп кепілге қоятын мүліктің жоқтығына немесе жетіспеуші­лігіне тіреледі. Оның кесірінен қолдағы құрал-сайманды жаңар­ту жайы көңіл көншітпейді. Тех­никадан қағажу көретіндер көбі­не көрші-қолаңға жүгініп, трак­тор мен комбайнды жалға алады.

– Шаруашылықтар несие алғылары келеді. Бірақ кепіл­дің жоқтығынан, одан қағылады. Сондықтан ұсақ шаруалар қар­жыландыру көздеріне қол жет­кізу үшін кооперацияға бірігуі қажет. Бірақ тауар өндірушілер­дің басым бөлігі оған кіруден тартынады. Барлығы жеке кәсіп­тің иесі болып, ортақ жауапкер­шілікті мойындарына алудан бас тартады», – деп мәселенің мән-жайын Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы және ветерина­рия бөлімінің басшысы Шәміл Саринов тергіштеді.

Жергілікті атқамінерлер­дің сөзіне сүйенсек, мал шару­ашылығынан гөрі егіншілік сұранысқа ие. Мәртөк ауданын­да ауыл шаруашылығы мақса­тындағы жерлер барлық жер көлемінің 70 пайызын құрайды. Биылғы жылы аудан бойынша егіс алқабы 87 мың гаға жеткен. Оның дені дәнді дақылдардың еншісінде. Көрсеткіш 49 мың га алқапқа тең. Екінші орынды май­лы дақылдар иеленсе, ал үштік­ті мал азығы түйіндейді. Көктем­дегі ылғалдың көлемі жоғары болғандықтан, дәннің шығым­дылығы жақсы. Егіншілік үшін тәуекелі басым аумақ ауа райына тәуелді. Диқандар табиғат тосын мінез танытпаса, биылғы өнімді­лік орташа болатынына дәмеле­ніп отыр. «15 күннен кейін аудан шаруалары арпаны оруға кірісе­ді. Ауданда бір аптадан бері апат ыстық, аңызақ жел. Тағы 10 күн бойы температура жоғары бол­са, онда дәннің кеуіп қалу қауі­пі бар. Бір жылдары берекелі өнім бұйырса, кейде дән өспей қалады. Өткен жылы шару­ашылықтардың бірі арпа егіп, оның нәтижесі көңіл көншітпеді. Бір гектардан бар-жоғы 1 цент­нерден алынды», – дейді ол.

Венера Мұстафина

01.08.2016 ж. жауап

Также читайте:

2016 жылдың басынан 5,2 млн тонна астық экспортталды

Зерновая расписка станет электронной (для анализа)

Ықпалдастықтың құлашы кең

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы