Шағын кәсіпкерлікке бетбұрыс бар

Сырттан дорбалағанша, шикізатты ұқсатуға бел буған ләзім. Мұны қаперге алған теріскейліктер «Солтүстік Қазақстанда» шығарылған өнімнің қатарын көбейтпек. Бірі кәсіпорынның құлашын кеңге жаюды діттесе, бірі оның «әліппесін» меңгеруге кірісті.

«Ұсақ өндіріске ынталандыру қажет»

Бүгінде Владимир Воробьевтің күнделікті күйбең тір­лігі құрылыс алаңындағы қар­баласпен өтеді. Бос тұрған жер учаскесінде қайта өңдеу цехының іргетасы қаланады. Шағын өндіріс биылғы күз ай­ларында ауылдың ажарын аша түспек. Шығарылған тауар Тайынша ауданының Чкалово елді мекенінен сауда нүкте­леріне жол тартады. Таңдау жартылай дайын ет өнімдерінің еншісіне тиген. Оның да өзіндік сыры бар көрінеді.

– Етті жартылай дайын фа­брикаттарды нарыққа ұсыну шешімі кездейсоқ емес. Себебі қазіргі таңда оған тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары. Өндірістегі артықшылықтары да бір төбе. Мәселен, дайын­дау цехтарының жұмысын едәуір жеңілдетеді, кәсіпорын­ның өткізу қабілетін еселейді әрі оларды әзірлеуге рәсуа еті­летін уақыт аз, – деп түсіндірді кәсіпкер.

Сапа мен санның жолын­да иек артылатын құрал-жа­бдықтардың талапқа сәйкесті­гі де тасада қалдырылмайды. Теріскейлік кәсіпкер заманауи құрылғыны сатып алуға дәме­лі. Ол үшін 3 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген. Шаруаның бір бөлігі соны тех­никаға артылса, екінші бөлі­гі адам күшімен атқарылмақ.

Тұшпара мен субүйрек әзірлеу тек қол еңбегіне ғана негіздел­мек. Ал оған қажетті ет жергі­лікті халықтан және шаруа қо­жалықтарынан сатып алынбақ. «Меніңше, шағын өндірісті ашу – өзінің өмірлік жолын кәсіпкер­лікпен сабақтастыруға ниетті азаматтар үшін таптырмас бе­лес. Оның маңыздылығын өз тәжірибеммен дәлелдегім ке­леді. Ауылдық кәсіпкерлерді бі­ріктіріп, елді мекендерде шағын өндірістерді ұйымдастыруға ын­таландыру қажет», – деп өз пікі­рін кәсіпкер жайып салды.

Кеңестің кезеңі құрдымға кеткен соң, ол дорбасын түйіп, Еуропаға аттанған. Германияның азаматтығын иеленді. Бірнеше жыл бойы жат мекенде түтін түтеткенімен, бірақ кейін туған атамекеніне оралуға бекінген. Әуелі кәсіпкер ынталы Герман елінен қоныс аударған азамат ретінде кәсіпкерліктің жілігін шағып, өз ісін ашуды ұйғарған.

Жобалыққа қуаттылық бағындырылмақ

Өнімді өткізуде маңдайы тасқа тимейтініне Галина Серікова да шүбә келтірмейді. Нәзік жан бү­гінде жеке кәсіпкерліктің шару­асын дөңгелетіп отыр. 2007 жыл­дан бері Аққайың ауданында мұздатылған жартылай дайын өнімдерді шығаруға ден қойған. Тәулігіне өңделетін ет, картоп және сүзбе 150 келіге дейін же­тетін көрінеді. Қажетті шикізат жергілікті шаруа қожалықтары мен халықтан сатып алынады. Нәтижесінде нарыққа тұшпара, субүйрек, самса іспетті өнімнің 15 түрі ұсынылады. Оның бір парасы жеке дүкеннің сөресі­не жайғастырылады. Бір бөлі­гі аймақтағы сауда нүктелеріне жол тартады. Бүгінде «Солтүстік Қазақстанда» жасалған белгілісі бар өнімдердің дәмін облыстар­дың тұтынушылары да татуда.

Сұраныс еселенген. Енді жеке кәсіпкерліктің тізгі­нін ұстанған нәзік жан өткізу­дің жаңа нарықтарын бағын­дыруды көздеп отыр. Толық қуаттылыққа көшіп, өндірі­сті жаңарту үшін заманауи құрал-жабдықтарды еншілеу жоспарланған.

Өнімнің атына заты сай екендігін «А лтын с апа», «Қ азақ станның үздік тау­ары» байқауларындағы лауре­ат дәлелдейді. Биылғы жылы да іскер нәзік жан еліміздің өнімдері сынында өз бақытын сынап көрмек.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы