•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 904

    Оңтүстік Қазақстан облысын ауыз сумен қамтамасыз ету және су шаруашылығы объектілерінің жай-күйі

    Бүгін ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы – И. Әбішев брифингте гидротехникалық құрылыстардың және су қоймаларының тасқын суға дайындығы туралы сұхбат берді.

    Сонымен, бүгінгі күні Комитеттің Бассейндік инспекциялары әкімдіктермен және ТЖ аумақтық органдарымен бірлесіп 859 гидротехникалық құрылыстарға тексеріс жүргізді. Гидротехникалық құрылыстарды тексеру жұмыстарын Су ресурстары комитетінің Инспекциялары жалғастыруда. Сондай-ақ, гидротеникалық құрылыстардың барлық меншік иелеріне тасқын суды қауіпсіз өткізу бойынша шараларды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы хат жолданған.

    voda-4324

    Сонымен бірге, республикалық меншіктегі барлық су шаруашылығы объектілерінде құрылыстар арқылы тасқын суды апатсыз өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес көтергіш механизмдер мен электрмеханикалық қондырғыларды тексеру және сынамалау өткізілген және 2017 жылғы 10 ақпаннан бастап тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылған, тұрақты байланыс қамтамасыз етілген.

    Тасқын су құбырларына байланысты төтенше жағдайда «Қазсушар» РМК-да инерттік материалдардың, ЖЖМ апатты қоры құрылған, арнайы техника дайындалған және су шаруашылығы объектілеріндегі электр желілерінің апаты болған жағдайда дизелдік электрстанциялары дайындалған.

    «Жалпы, бүгінгі күні республикадағы су қоймаларында су шаруашылығы жай-күйі тұрақты және үнемі бақылауға алынған», – деп атап өтті И. Әбішев.

    Анықтамалық: 01.03.2017ж. жағдай бойынша республикада 1665 гидротехникалық құрылыс есепке алынған, оның ішінде 464 ГТҚ республикалық меншікте, 929 ГТҚ коммуналдық меншікте, 212 ГТҚ жеке меншікте.

    И. Әбішев сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысын ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде атап өтті. Ағымдағы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті мен «WIND POWER GmbH» Герман фирмасының арасында екі жақты Меморандумға қол қойылды.

    Құжатпен электрэнергияны өндіру бойынша қуаттылықты құру арқылы ОҚО халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бар күшті біріктіру, сондай-ақ жаңа генерациялық қуатты құру мүмкіншілігімен жаңа су қоймаларын салу және қолданыстағыларды қайта жаңартуға қатысу көзделген.

    Бұл келісім, атап айтсақ – Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтарал, Шардара аудандарының елді мекендерін және Шымкент қаласын ауыз сумен жабдықтауда үлкен бастама болып табылады.

    ҚР АШМ Баспасөз қызметі

    Опубликовано 18.03.2017

    ЧИТАТЬ ЕЩЁ...

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -1°
      -2°
      Пн
      -4°
      Вт
      0°
      Ср
      -2°
      Чт
      -4°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian