Межеленген көрсеткіштер бағындырылды

Ата кәсіпті жаңғырту жолында қолға алынған бағдар­ламалар мен жобалар бір төбе. Бірақ межеленген көрсет­кіштердің бағындырылуында үміттен гөрі күдік басым.

Әуелі жауапты ведомствоның есебін тергіштейік. 2016 жыл­дың бірінші тоқсаны бойынша азық-түлік өнімдерінің өндірісі 283,5 миллиард теңгені құрады. Көрсеткіш өткен жылдың сәй­кес мерзіміне қарағанда 4% артқан. Мал шаруашылығы да алшаңдап алға қадам басып келеді. Биылғы алғашқы 3 айды өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырсақ, еттің барлық түрлерінің өндірісі 4,4 пайызға еселенген. Шұжық өнімдері 6,3%, ет консервілері 3 есе, өңделген сүт 8,7%, сары май 6% артты. Артылған өнім­дерді сыртқа жөнелтудің амал­дары қаперге алынған. Қағаз жүзіндегі жоспар ауқымды. Оны бағындыру үшін қам-қаре­кетке мықтап кірісіп, жұмысты қамшылау қажет.

– Биылғы жылы еліміздің өңірлерімен сиыр етінің экс­порты бойынша меморан­думдарға қол қойылды. 2016 жылы сыртқа тасымалданатын еттің көлемі 29 600 тоннаны құрайды деп жоспарланған. Биылғы 1 тоқсанда шамамен 2 мың тонна сиыр еті сыртқа жөнелтілді, – деп ауыл шару­ашылығының ахуалын ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

pischevye-producty

2010 жылы «Ірі қара мал еті­нің экспорттық әлеуеті» бағ­дарламасы қолға алынды. 5 жыл ішінде 180 мың ірі қараға арналған бордақылау орын­дары қолданысқа берілген. Олар 280 алаңдарында орна­ласқан. Атқамінерлер діттелген меже 31 пайызға асыра орын­далғанын алға тартады. Биылғы жоспарға сәйкес бордақылау алаңдары 30600 орынға көбей­тілмек.

«Қазагроөнім» қолға алған «Аманат» бағдарламасына сәй­кес 27 мыңнан астам ірі қара сатып алынған. Ал мал тұқымын жақсартуға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасына 11 мың шаруашылық тартылды. Ондағы жалпы мал саны 773 мыңнан асып жығылады. Биыл шаруа қожалықтары 60 мың ірі қараны сатып алады деп күті­луде. Биылғы 3 ай ішінде оның 10 мыңы еншіленген. Әзір­ге жоспардың 16 пайызы ғана орындалды.

2014 жылы шалғайдағы жайылымдық жерлерді игеру бағытында шаруалардың жұм­салатын шығындарды деме­уқаржыландыру бағдарламасы қолға алынды. Онда құдықтар­ды салу, инфрақұрылымды қалыптастыруға кететін қар­жының 80 пайызын мемлекет өз мойнына алған. Осылайша шаруаларды шалғай жерлер­ге бет бұруға ынталандыру көзделіп отыр. 2 жылдың ішін­де 848 құдық қалпына келті­рілді және салынды. Биылғы межеленген көрсеткіш – 600. Оны салу кезінде мемлекет­тік органдар мен шаруалар арасындағы байланысты оңтай­ландыру жұмыстары жүргізіл­ді. Қажетті құжаттардың саны қысқартылып, оларды мақұлдау жұмыстары жеңілдетілген.

Қой шаруашылығын демей­тін «Алтын асық» бағдарла­масы бойынша 34 400 қой сатып алынған. «Құлан» бағ­дарламасына сәйкес 5,6 мың жылқы еншіленді. Сүт-тауар­лы фермаларды құруға бағыт­талған «Ырыс» бағдарламасы­на сәйкес бар-жоғы 2 жоба қаржыландырылған. Ал жоспар бойынша биыл 70 сүт-тауарлы ферма бой көтеруі тиіс.

– Сәуір айында меморандумға қол қойылып, «Актеп» кәсі­порнының жобасына трансұлт­тық компания қаржы құяды. Ет өңдеу кешенінің қуаттылығы 20 мың тоннаны құрайды. Жоба аясында 3 өңірде бордақылау алаңдары салынады. Олардың жалпы қуаттылығы 44 мың тон­наға жетеді. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында 17 мың тонна қой етін өндіруге бағытталған ет кешені салын­бақ, – дейді вице-министр.

Ақмола облысының Ере­йментау ауданында да етті өңдейтін кешеннің құрылысы қолға алынған. Кәсіпорын жыл соңында өмірге жолдама алады деп күтілуде. Онда шұжық және басқа ет өнімдері шығарылады. Құны қалтаны қақпайды. Ере­йментау ауданының әкімі Ермек Нұғымановтың сендір­уінше, халық үшін ет өнімдері­нің бағасы қолжетімді болады.

Венера Мұстафина

06.06.2016 ж. жауап

Также читайте:

Хранить урожай круглый год… Легко!

Трудности и радости переработчика органической продукции

Безопасность пищевых продуктов, или зачем нужен ХАССП

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы