•  

    Рубрика: Бизнес |  Просмотры - 1 237

    Мемлекеттік грантқа талап – қатаң

    Бүгінде кәсіпкерлікке бет бұрып, өз ісін ашуға ниет білдіретіндердің қатары қалың. Бірақ діттеген мұратқа жетуге қаржының тапшылығы қолбайлау.

    Ал қаржы институттары­на жүгіну үшін де ұсынылатын кепіл қажет. Тек екінің бірі талап үдесінен шыға бермейді. Ауыл­дағы ағайынның кәсіпкерлік ынта-ықыласын оятатын қолдау тетіктері мықтап қолға алынған. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жыл­да мемлекеттік гранттар үлесті­ріледі. Қолдауға арналған қар­жыны қайтарудың қажеті жоқ. Тек арнайы комиссияның сүзгі­сіне ұсынылатын инновациялық жобалар талап үдесінен шығуы тиіс. Оны бүгінде солтүстікқаза­қстандықтар сын тезінен өткізу­де. Биыл 46 ауыл тұрғыны бағын сынауға ниет білдірген. Олардың 14-і нәзік жандар. Ұсынылған жобалардың 15-і ауыл шару­ашылығы саласына байланысты болып отыр. Мәселен, Айыр­тау ауданының тұрғыны Лидия Шеремет жеміс-жидек бақшасын баптауды армандайды. Жобасы құпталса, қаржыны көшеттер­ді сатып алуға жұмсамақ. Ал Жамбыл ауданының тұрғыны Ляззат Жанбұлова құлпынай өсі­руді кәсіпке айналдыруды діттеп отыр. Ол үшін финдік технологи­яға иек артпақ.

    Яблоки

    - Құрама-жем шығаруға, қой мен ешкі және түйе шару­ашылығымен айналысуға, бөде­не өсіруге бағытталған идея­лар бар. Биыл өтінім тапсырған 46 адам өздерінің жобаларын қорғады. Енді оларды жан-жақты сараптаған комисси­яның тоқтамы шығарылады. Оның қатарында өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің, М. Қозыба­ев атындағы Солтүстік Қаза­қстан мемлекеттік университеті­нің, жергілікті кәсіпкерлік және туризм басқармасының өкілі бар. Үздік жобалар анықталып, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі, – деп баян­дады СҚО Кәсіпкерлер пала­тасының баспасөз хатшысы Айсұлу Құсайынова.

    Биыл кәсіпкерлік гранттарға 16 млн теңге қарастырылған. Қаржы үздік жоба авторлары арасында үлестіріледі. Олардың әрқайсысы көп дегенде 3 мил­лион теңгеге дәмелене алады.

    Былтырғы деректерді тер­гіштесек, солтүстікқазақстан­дықтар тарапынан 40-қа жуық жоба жолданған. Олардың 6-уы үздік танылып, 11 млн теңге көлеміндегі қаржы өзара бөлі­ніп берілді. Мамандардың сөзі­не сүйенсек, қайтарымсыз гранттың жобаға сәйкес кәде­ге жаратылуы қатаң қадағала­нады. Қазына қаржысының тиім­сіз жұмсалуына жол берілмейді.

    Венера Мұстафина

    15.08.2016 ж. жауап

    Также читайте:

    Фонд начал кредитование микрофинансовых организаций по программе «Дорожная карта бизнеса–2020»

    Демеуқаржыландыру тәртібі өзгермек

    3 млн тенге – на развитие тепличного бизнеса

    Казахстан: Когда свой овощ дороже привозного

    Опубликовано 31.01.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      19°
      28°
      Ср
      22°
      Чт
      21°
      Пт
      20°
      Сб
      21°
      Вс
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian