•  

    Рубрика: Законодательство | Свободная тема |  Просмотры - 1 768

    Мөлдірлік қажет

    Еліміздегі фермерлерді біріктіретін одақ өкілдерінің пі­кірі осыған саяды. Елордада өткен басқосуда түйіткілді мәселелер қозғалды.

    84846516354Өткен жылы халық қала­улылары «Қазақстан Республи­касының Жер кодексіне өзге­рістер мен толықтырулар енгі­зу туралы» Заң құпталған-ды. Құжат биылғы шілденің 1-нен күшіне еңбек. Оған сәйкес ауылшаруашылық мақсаттағы жерді жеке меншікке берудің тың тетіктеріне иек артылады. Тек жаңа жүйенің сыр бермейті­не шаруа қожалықтары үміттен гөрі күдікпен қарайды. Жеке­шелендіру аясында ең құнар­лы жер учаскелеріне алып хол­дингтер қанығып, ұсақ тау­ар өндірушілер тасада қалуы кәдік. Жерді ұтымды пайдала­ну ережелері де шаруалардың көңілдерін көншітпейді. Олар ауылшаруашылық мақсаттағы учаскені тексерудің тәртібі жан-жақты пысықтауды қажет ететі­нін алға тартады.

    – 2000 жылдардың басын­да жер реформалары қолға алынып, Үкімет елімізде өрке­ниетті жер нарығы қалыпта­сады және айналымға жіберіле­тініне сендірді. Бірақ барлығы уәде күйінде қалды. Ең жақсы жер учаскелері холдингтердің, жасанды латифундистердің еншісіне тиді. Бұл қайталанбай­тынына кепіл бар ма?! Жеке­шелендірудің мөлдір тетіктерін әзірлемесек, қағазбастылық пен жемқорлыққа ұрыну қаупі бар, – деп шүйлікті «Қазақстан­ның фермерлер одағы» РҚБ президенті Әуезхан Даринов.

    Ауылшаруашылық тауар өндіру­шілеріне қаржы институттарының көңілі әлі де күпті. ҚФО өкілдері­нің айғағына сүйенсек, екінші дең­гейлі банктердің жалпы несиелеу көлемінде сауда-саттықтың үле­сі 20% жетсе, аграрлық салаға бар-жоғы 3-5 пайыз тиесілі. Оның қызығын шағын шаруашылықтар­дан гөрі ірі қожалықтар татады. Бұл ретте мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын «Қазагро» хол­дингісінің жұмысындағы мөлдір­лік және ашықтық мәселесі де қозғалды.

    – Қаржының жетпейтіні, бар­лығына несие бермейтіні­не тоқталсақ, кешіріңіздер, бұл әрқайсысына үлестіріле­тін зейнетақы емес. Несиелер тек оларды алып, қайтаратын­дарға беріледі. Ол үшін кепіл қажет. Банктер, несие беруден ат тондарын ала қашады деп ойлайсыздар ма? Бұл қате пікір. Бар гәп ауыл шаруашылығының мұндай несиелерді қабылдауға дайын еместігіне тіреледі. Ал олардың жылдық мөлшерлеме­сі жоғары болуы басқа мәселе. Бірақ Үкімет демеуқаржылан­дыруға әзір, – деп мәселенің мән-жайын Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков тергіштеді.

    Шаруасы шатқаяқтаған тауар өндірушілерді демеу жолын­да қаржылық сауықтандыру қолға алынған. Бірақ оның игі­лігіне тек алпауыт ауылшару­ашылық құрылымдар кенеле­ді дейді фермерлер. Олардың дәйегіне сенсек, 2014 жылы қаржылық сауықтыру бағдар­ламасына қатысқан шаруа қожалықтарының 0,21 пайызын орта және ұсақ тауар өндіруші­лер құраған.

    – 2014 жылы Елбасы 4 агро­холдинг мемлекетке 800 млрд теңге қарыз екендігін алға тарт­ты. Бірақ бір жылдан кейін жағ­дай қайталанады – мемлекет­тік қаржы дәл сол борышке­рлерге беріледі. Бұл қаржының 95% 10-12 ірі агрохолдинг және олармен үлестес кәсіпорындар алған. Шағын және орта шаруа қожалықтарын мемлекеттік қолдау туралы қалай айтуға болады? – дейді Ә. Даринов.

    Венера Мұстафина

    22.02.2016 ж. жауап

    Ссылки по теме:

    Земельная реформа: вето президента

    Аграрлық саладағы қадамдар пысықталуда

    Иностранцы вернут уже арендованные в Казахстане земли

    От аренды к частной собственности

     Опубликовано 25.07.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      10°
      6°
      Сб
      7°
      Вс
      7°
      Пн
      10°
      Вт
      8°
      Ср
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian