ҚР тұқым шаруашылығын дамытуға инвесторлар 25 млн $ қаржы салады
Американдық «Baumgartner Agriculture Science and Service» (BASS) компаниясы және қазақстандық «Kusto Group» Қазақстанда алдыңғы технологияларды қолдана отырып жем-шөптік дақылдардың тұқымын өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құрады. Бүгін «KAZSEED» кәсіпорынын құру бойынша Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Татишев және BASS иесі және бас директоры Эдвард Джосеф Баумгартнер меморандумға қол қойды, деп ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Бастапқы жылы инвестиция көлемі 25 млн. АҚШ долларын құрайды және одан әрі өсуі болады.
Бірлескен кәсіпорынын мақсаты Қазақстан фермерлерін сапалы, мемлекеттің ауа-райына бейімделген тұқымдармен қамтамасыз ету болып табылады. Ұзақ мерзімді перспективасы – ТМД елдерінің нарығына шығу.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев атап айтқандай осындай алдыңғы қатарлы кәсіпорындарды құру, Мемлекет басшысы қойған ауыл шаруашылық еңбек өнімділігін және қайта өңделген өнімдердің экспортын 2,5 есеге арттыру бойынша мақсаттарға қол жеткізуде үлкен рөл ойнайды. Жоғары сапалы тұқымдарды өндіру дақылдардың өнімділігіне тікелей әсер етеді және мемлекеттің жем-шөп өндірісінің өсуіне негіз болады. Сонымен қатар қазақстандық фермерлермен сапалы тұқымдарды пайдалану, өзінің жоғары өнімділігі бөлігінде фермерлердің өзіндік құн шығындарын едәуір азайтып, өсімдік шаруашылығы тиімділігін арттырады.
2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамуының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Министрлікпен Қазақстан Республикасында тұқым шаруашылығының дамуы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап айту қажет. Тұқым шаруашылығын субсидиялау тәртібі қарастырылды, егер бұрын фермер сапалы тұқымды сатып алуға қаражат іздеу немесе соңында отырғызу материалы болып тауарлық дәнді пайдалану қажет болса, келесі жылдан бастап фермерлер көктемде норма бойынша негізгі дақылдардың тұқымдарын тегін ала алады, ал оның орнына күзде егін жиналғаннан кейін тұқым шаруашылығын дамуының арнайы қорына алынған тұқым құнының 30%-ын аудару қажет. Бұл фермерге оның алаңның бөлігін сапалы тұқымдармен егуге, ал репродукциялау жолымен үш жылдан кейін тек жоғары репродукциялы тұқымдармен егуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде тұқым шаруашылығын дамуы қорында шоғырландырылған қаражат тұқым өсіру шаруашылықтарына өндірілетін тұқымдардың сапасын арттыру үшін қажетті құрал-жабдықтарды және техниканы сатып алу бойынша қаржыландыруға бағытталады.
Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Татишев тұқым шаруашылығы саласындағы осындай мамандандырылған компанияның пайда болуы мемлекеттің өсімдік шаруашылығын дамуы үшін өте маңызды қадам болып табылатынын атап өтті. Озық технологиялар мен осы саладағы американдық серіктестердің құзыреттілігі үрдістерді тұқым өндіруге ғана емес, сонымен қатар селекциялық жұмыстарға да жұмсауға мүмкіндік береді.
Американдық инвесторлар өкілдері Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласының дамуының оң қарқының, сонымен қатар G2B форматындағы АӨК-нің барлық саласын қолдау үшін мемлекет қабылдайтын шараларды атап өтті.