Қостанай облысының даму перспективалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізді, онда облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Бағдарлама аясында еңбек өнімділігі мен өңделген өнімдерді экспорттауды 2,5 есеге арттыру міндеті қойылған. Бағдарлама әлемдік нарықта пайда болатын жаңашылдықтарды есепке ала отырып, аграрлық секторға кешенді және жүйелі түрде көзқарас ұсынады және ол жобалық басқару арқылы жүзеге асырылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өңірлік бағдарламасының тұжырымдамасы ұсынылды. Спикерлер етті сүтті мал шаруашылығын дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Өңірлік салалық бағдарламалар негізінде бордақылау алаңдары 10 жыл ішінде 3000 астам отбасылық фермалар құрылып, ірі қара мал саны 150 мыңға артады деп жоспарлануда. Қойлардың саны 300 мыңға дейін көбейеді.
Іс-шара өңірдегі тауар өндірушілердің өзекті мәселелерін талқылау және пікір алмасу форматында жалғасты.
Одан кейін кездесуге қатысушылар өндірістік қуаты тәулігіне 25 тонна сүт өндіретін «Олжа Садчиковское» ЖШС сүтті-тауарлы фермасында болды,. Консервантсыз барлық өндірілген өнімдер тек аталған өндірістің табиғи сүтінен жасалады. Кәсіпорын Қостанай және Рудный қалаларындағы балабақша, мектептер мен интернаттарды сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз етуде.
Элиталық тұқым сорттарын өндіру және сатумен айналысатын «Заречное» тәжірибелік шаруашылық ЖШС-не барған кезде, аграрлық ғылым бірінші кезекте жаңа технологияларды беру және олардың отандық жағдайларға бейімделуі мәселелерімен айналысу керектігін атап өтті. Бүгінгі күні «Заречное» тәжірибелік шаруашылығының 30,7 мың гектар егіс алқабы бар, оның ішінде – 15,4 мың гектар егістік жерлер, 12,2 мың гектарда дәнді дақылдар бар.
«Агротехнологиялық компания» ЖШС асыл тұқымды фермасының бас директоры Бесалиев М.Т. өсірілген тұқымдар туралы – қазақ ақбас, Абердин Ангус, Герефорд туралы айтып берді. Шаруашылықтың ірі қара мал қоры 1300 бас, 29,3 мың гектар егіс алқабы бар, кәсіпорында 15 адам жұмыс істейді.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың табысты болуы агробизнестің қызметіне байланысты екенін Өмірзақ Шөкеев атап өтті. Өз кезегінде, Мемлекет басшысының қойған міндеттеріне қол жеткізу үшін шаруаларға мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетілуде.