Қазақстанда жеңілдіктері бар жаңа электронды сауда алаңы жұмысын бастайды
2017 жылдың 27 шілдесінде ЕТС қазақстандық Тобының және Ресейдің электронды сатып алулар көшбасшысы – B2B-Center бірлескен жобасы «ЕТС-Тендер» инновациялық сауда алаңы ресми түрде басталады.
Қазіргі таңда «ЕТС-Тендер» электронды сауда алаңы демонстрациялық режимде жұмыс істейді. Бұл қазақстандық қатысушыларға қазірдің өзінде тіркелуге және алаңның мүмкіндіктерімен таныса бастауға мүмкіндік береді. Ресми іске қосқан сәттен бастап және 2017 ж. 1 қыркүйегіне дейін жеткізіп берушілер үшін арнайы жеңілдік кезеңі әрекет ететін болады. Жеткізіп берушілер төлем төлемей-ақ сауда жүргізуге қатысу мүмкіндігіне ие.
ЕТС Тауар Биржасы Басқарма Төрағасы Құрмет Оразаев былай деді: «Міне бірнеше жылдың жүзі болды Биржада арнайы тауарлардың саудасы секциясы жұмыс істеп келеді. Секция бойынша айналым 2016 ж. 40 млрд теңгеден асты, осы жылдың 6 айында–37 млрд. теңгеден асты. Әр жыл сайын көлемдер өсіп келеді. ЕТС-Тендерге біз осы атқарымдарды бірге атқаруды, тапысырс берушілер мен жеткізіп берушілерді көптеп қатыстыруды, және қатысушылар үшін тек тауарларды сатып алуға ғана көп күш жұмсамай,тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша толық сервис енгізуді жоспарлап отырмыз. Қатысушылар жұмыстарын өздеріне ыңғайлы жағдайларда бастай алулары үшін және белсенді сатып алу маусымына дайындалулары үшін біз жеңілдік кезеңін ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жариялаймыз».
B2B-Center Бас директоры Алексей Дегтярев былай деп атап өтті: «Біз ЕТС-Тендер корпоративті сатып алулар мен сатылымдар саласындағы Қазақстанның жетекші алаңы болады деп ойлаймыз. Оның әлеуетті пайдаланушылары елде жұмыс істейтін 4000 мыңнан астам ірі және орташа тапсырыс берушілер болып табылады. Бүгінгі күні Ресейдің ірі компанияларының 65% электронды алаңдарда сатып алуларын жүргізіп отыр. Біздің елдердің экономикаларының құрылымдары жақын, сондықтан келешекте Қазақстанның кәсіпорындарының жартысынан көбі өз сатып алуларын элеткронды формаға ауыстырады».
Қазіргі кезде ЕТС-Тендер қазақстандық жеткізіп берушілер мен тапсырыс берушілер үшін оқыту семинарлары мен вебинарларын өткізуді бастап та қойды.
Технологиялық бөлігінің әзірлемесі үшін B2B-Center жауап беретін «ЕТС-Тендер» платформасы сатып алу процедураларының барлық спекторын өткізуді қамтамасыз етеді: бағаларды төмендетуге классикалық аукциондардан бастап көп критериалды сатып алуларға дейін. Жүйенің ыңғайлылығы алаңды қызметтің ерекшелігіне сәйкес қылуға, сонымен қатар сатып алу қызметін және саудаға қатысуды автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Дерек көзі: Баспасөз қызметі ( «Еуразиялық Сауда Жүйесі» Тауар Биржасы» АҚ)