«ҚазАгроның» енілес компаниясы бұрынғы лизинг шарттары бойынша пайыздық мөлшерлемелерін төмендетеді

«ҚазАгроҚаржы» АҚ таяуда мәлімделген ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтың лизингісіне пайыздық мөлшерлемелерді төмендету туралы хабарландырумен қатар, 2016 жылы бұрын жасалған қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендету жөнінде жариялады.

Мұндай шешімді компанияның Директорлар кеңесі қабылдады. Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету туралы жаңа шешім компанияның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен бұрын жасаған 46 144 млн теңге сомасына  1 523  шарттарын қозғайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың алдағы көктемгі-егіс  және егін жинау жұмыстарының қарсаңында, «ҚазАгро» ұлттық холдингінің құрылымындағы компания – «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтың лизингісіне пайыздық мөлшерлемелерді жылдық 19%-дан 17,3% дейін төмендету жөнінде жариялады.

Posevnaya-49343

Мұндай мүмкіндік 2016 жылы Ұлттық қордан қаражатты жоспарлы тартудың болмауы, меншікті қаражат сомасы мен үлесінің ұлғаюы, сондай-ақ компания үшін нақты тарту мөлшерлемесінің төмендеуі нәтижесінде, 2016 жылға инвестиция көздерін қорландырудың нақты безбенделген орташа құнының төмендеуіне байланысты пайда болды деп атап өткен жөн.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-да айтып кеткендей, кредит комитетінің оң шешімі қабылданған жағдайда, бұрын жасалған қаржы лизингі шарттарына қосымша келісімдер жасалатын болады. Бұл мәселе бойынша компанияның Астана қаласындағы Орталық аппаратына немесе бүкіл Қазақстан бойынша филиалдары мен өкілдіктеріне өтініш жасауға болады.

Қаржыландыру бағдарламалары мен талаптары туралы ақпарат келесі сілтеме бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ сайтында «Өнімдер» қосымша бетінде орналасқан:

http://www.kaf.kz/products_company/products/financing-terms/

«ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы