•  

    Рубрика: Законодательство |  Просмотры - 2 934

    Демеуқаржының да сұрауы бар (талдау үшін)

    Кемел келешекте ауыл шаруашылығындағы демеуқаржыландыру жүйесі түбегейлі өзгеріп, реформалауға ұшырайды. Егістіктің әрбір гектарына, малдың әрбір басына үлестірілетін мемлекеттік қолдаудың шарапаты енді тек дайын өнімге бұйырмақ. Оның тың жолдары Үкіметтің кезекті отырысында қаузалды.

    Жүйе автоматтандырылады

    gospodderzhka-apkҚазіргі таңда көбіне тасы өрге домалаған ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілер қолдаудың игілігіне кенелетіні мәшһүр. Шаруашылықтардың ұсақтығы, кооперациялар тынысының тарлығы да жүйедегі құрылымдық шектеуге әкеліп соққан. Кесірінен шаруалар үшін қолдауға қарық болудың өзі бір мұң. Жергілікті атқарушы орган­дар демеуқаржы үлестіруге арнайы комиссия құратын көреді. Қағазбастылыққа жол беріліп, түрлі құжаттар да сұратылады. Жиналған бу­ма-бума қағаздарды кей ау­дандар облыс орталығына көлікпен тасуға мәжбүр. Демеуқаржыны таратудың мерзімі осылайша сағызша созылады. Оған көздері жет­кен шенділер шаруаларды әлекке салған мәселеге нүкте қоймақ. Шетелдік тәжірибеге сәйкес әкімшілік рәсімдер оңтайландырылады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниевтің сөзіне сүйенсек, демеуқаржыны үлестіру электрондық ақпараттық жүйеге көшіріледі. Бұл төлемдерді оңтайландырып, мөлдірлік пен ашықтықты қамтамасыз етпек. Әзірге мамандар демеуқаржыландыруды авто-маттандырудың оңтайлы жол­дарын сүзгіден өткізуге кіріскен. Сәті түссе тауар өндірушілер енді аудандағы комиссияға ат арылтпайды. Өз үйіндегі ғаламтор арқылы өтінімді жол­дай алады.

    Қолдау «ақырғы өнімге» көрсетілмек

    Соңғы 6 жылда агроөнер-кәсіптік кешеннің үлесіне тиетін демеуқаржы көлемі 3 есе артқан. 2013 жылғы 89 млрд теңге көлеміндегі көрсеткіш қамшыланып, биылдың еншісіне 156 миллиард теңге тиген! Демеудің аясы кеңейгенімен, ауылшаруашылық өндірістің күйі тарылып тұр. Ауыл шаруашылығында төмен өнімділік, өндіріс құрылымы әртараптандырылмаған, техникалық жарақтандыру деңгейі төмен және демеуқаржылан-дырудың институционалдық құрылымы дамымаған. Өсімнің мардымсыздығын Ұлттық эко­номика министрінің бірінші орынбасары да мойындады.

    – Әуелі демеуқаржының тиімділігін арттыру және оңтайландыру қажет. Бүгінде субсидия негізінен егістіктің 1 гектарына, ірі қараның әрбір басына беріледі. Тек бұл өндірістің, өнімділіктің, сапаның артуына еш әсер ет­пей отыр. Сондықтан енді кезең-кезеңмен ақырғы өнімді демеуқаржыландыруға, оның құнын арзандатуға көшу жоспарланған. Бұл ендірілген басты жаңалық, – деп мәселенің мәнісін Марат Құсайынов тергіштеді.

    Тың шаралар арқылы өндірістің өсімі мен экспортқа серпін берілмек. Инвестициялық субсидияның қолжетімдігін қамтамасыз ету де көзделген.

    Суды үнемдеуге бетбұрыс

    Егіншіліктегі қолдаудың тетіктері де өзгеріске ұшы-рамақ. Мамандардың уәжі шетелде мемлекет тек сақтандыру сыйақысын демеуқаржыландырады. Ал елімізде сақтандырылған алқаптар жарамсыз танылса, оның 50 пайызы қазынадан өтеледі. Тұқым шаруашылығын қолдаудан да мін табылған. Оның шарапатын тауар өндірушілердің бар-жоғы 0,7 пайызына (926 шаруашылық) тиген. Тек элиталық тұқым демеуқаржыға ілігетіндіктен, өзгелері қалыс қалып отыр. Енді қолданыстағы атал­мыш тетіктен бас тартылмақ. Есесіне 1-ші репродукция және гибридттік тұқымдар демеуқаржыландырылады. Суармалы суға сүйенетіндер үшін де тосын жаңалық. Шенділер шаруаларды тір-шілік нәрін үнемдеуге ынта-ландырмақ. «Осы күнге дейін дақылдарды суаратын судың бағасы демеуқаржындырылып, оның 1 текше метрі 3 теңгеден аспайтын еді. Енді 20 теңге деңгейінде меже орнату ұсынылды. Егер судың құны 20 теңгеден төмен болса, онда демеуқаржы берілмейді. Одан қымбат болса, онда субсидия төленеді. Егер олар (шаруалар – авт.) судың бағасын сезетін болса, онда оны үнемдеу тех­нологияларына көшуге негіз болады деп есептейміз. Себебі бүгінде шаруалар тамшыла­тып суару жүйесін ендіруге бас бұрмай отыр», – деп Үкіметке ұсынылған жаңашылдықтарды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшы­сы Арман Евниев атап өтті.

    Түйін: Елбасының тап­сырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірігіп, жұмыс тобын құрған. Агроөнеркәсіптік кешендегі демеуқаржыландыру жүйесін жетілдіруге бас қатырған. Олардың ұсыныстары құптал-са, жол картасы әзірленбек. Өзгерістер қолда-ныстағы нормативтік-құқықтық акті-лерге де енеді. Осылайша атқамінерлер демеуқаржы үлестірудегі мөлдірлікке қол жеткізіліп, өндіріс өсіміне, өнім сапасының жақсаруына серпін берілетініне үміт артқан.

    Венера Мұстафина

     06.10.2014 ж. жауап

     Опубликовано 20.09.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      27°
      24°
      Пт
      25°
      Сб
      23°
      Вс
      26°
      Пн
      27°
      Вт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian