Батысқазақстандық шаруалар Ресейден 156 бас асыл тұқымды мал сатып алмақ

Батыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтары мал басын асылдандыруға ден қоя бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Photo by David Lundgren on Unsplash
Photo by David Lundgren on Unsplash

Мәселен, Қаратөбе ауданындағы 34 мыңдай ірі қараның 10 проценті асыл тұқымды мал санатында. Ауданда мүйізді ірі қара өсірілетін 13 асыл тұқымды шаруашылық бар. Былтыр 2 шаруа қожалығы 243 бас асыл тұқымды абердин ангус тұқымын сатып алған. Биыл тағы 2 шаруашылық Ресейден 156 бас асыл тұқымды мал сатып алуға шарт жасасып отыр.

Сәкен Жұмағалиевтің шаруа қожалығы 1998 жылы құрылыпты. Бастапқыда қолда азғана малы мен бірер дана ескірген техникасы ғана болды. Бірақ ағайындарымен күш біріктірген шаруа адамы қазір ірі қара санын 400-ге жеткізген. Еңбекқор азамат мал басын асылдандыруға да күш салып келеді. Биыл ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы бөлінген 70 миллион теңге қаржыға 100 бас асыл тұқымды аналық мал сатып алды. Техника паркін жаңартты.

Етті бағыттағы абердин ангус тұқымы қазақтың ақбас сиырына ұқсас. Суыққа төзімді, азық талғамайды әрі алынатын өнімі де сапалы дейді шаруа. Аудандағы 3 қожалық несие түріндегі 140 миллион теңге қаржыға 243 бас сатып алған. Биыл аймақта ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 3 мың бастай асыл тұқымды мал сатып алуға 2 миллиард 205 миллион теңге бөлінді.

Азамат Ахметов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚФ несие бөлімінің басшысы:

– Қазіргі таңда біздің филиалымыз қаражаттың 520 миллионын игерді. Ұсақ малға келсек, оған 513 миллион теңге бөлініп тұр. Бұл 21 мың бас ұсақ мал сатып алуға жаратылады. Бағдарлама бойынша қазіргі таңда 225 миллион теңге иегеріліп, 6144 бас ұсақ мал сатып алынды.

Нұргүл Мұқанова, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы:

– Барлық санаттағы асыл тұқымды мал басының үлес салмағы жалпы мал басы санынан ірі қара мал басы – 8,6%, қой – 3,5%, жылқы – 6,3%, түйе шаруашылығы 11,7% құрайды. 2018 жылы 379 ірі қара малы әкелінген болатын. 2019 жылы 12,3 мың бас аналық ірі қара мал басын импорттау жоспарлануда.

Батыс Қазақстан обысында асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын 277 шаруашылық тіркелген. Соның ішінде 224 шаруа қожалығы 45 мыңдай асыл тұқымды ірі қара малын өсіріп отыр.

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы