Ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту қалай жүзеге асырылады?
АШТӨ-нің сәтті жұмыс істеуіне, өнімді өндіру мен өткізу кезіндегі АШТӨ-нің шығасыларын төмендетуге, ауыл шаруашылығының және жалпы АӨК-нің теңгерімді дамуына ауыл шаруашылығы кооперациясы ықпал ететін болады.
Бүгінгі таңда ҚР-да ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өткізу, қайта өңдеу, АШТӨ-ні материалдық-техникалық жарақтау, оған кредиттік, сервистік және ақпараттық маркетингтік қызмет көрсету ең маңызды бағыт болып табылады.
Өндірістік кооперативтер жерді бірлесіп өңдеу, ауыспалы егістің бірыңғай жүйесін, өсімдік шаруашылығы өнімін өсірудің және жануарлар өсірудің прогрессивті технологияларын пайдалану, ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп пайдалану және т.б. жолмен ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын болады.
Өткізу кооперативтері кооператив мүшелері өндіретін өнімді өткізумен, сондай-ақ шикізатты балғын немесе қайта өңделген түрінде жинаумен, сақтаумен, сұрыптаумен, кептірумен, көтерме немесе бөлшек сатумен және кооператив мүшелерінің өнімін тасымалдаумен айналысатын болады.
Қайта өңдеуші кооперативтер ауыл шаруашылығы өнімін ірі қайта өңдеуші кәсіпорындар мен көтерме-бөлшек желілерге кейіннен өткізе отырып, оны бастапқы қайта өңдеуді ұйымдастыру мақсатында құрылатын болады.
Материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі кооперативтер АШТӨ-ні өндірістік процеске қажетті ресурстармен және материалдармен – жанар-жағар май материалдарымен, тұқымдармен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, азықтармен, қосалқы бөлшектермен, ауыл шаруашылығы өндірісіне қажетті құрылыс және басқа да ілеспе материалдармен қамтамасыз ететін болады.
Кредиттік кооперативтер өз мүшелеріне ауыл шаруашылығы мақсатындағы өндірістік мақсаттарға, бизнестің ауыл шаруашылығымен қатысы жоқ түрлеріне де, тұтынушылық мақсаттарға да кредит берумен айналысатын болады.
Сервистік кооперативтер өз мүшелеріне ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу процесімен, сондай-ақ басқа салалардағы (агрохимиялық, ветеринариялық, техникалық қызмет көрсету, сумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау, техниканы жөндеу және оған қызмет көрсету, телефондандыру, асыл тұқымдық және селекциялық қызмет, мал шаруашылығында және өсімдік шаруашылығында зерттеулер жүргізу және басқалар) жалпы қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты көрсетілетін қызметтер ұсынатын болады.
Ақпараттық-маркетингтік кооперативтер өз мүшелерін жаңа технологиялар, сорттар, тұқымдар, нарықтардағы ахуал туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылады.