Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 330,86 тоннасы Қырғызстанға қайтарылды

DSC02874-kopiya4 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін 330,86 тонна карантин астындағы өнімдері Қырғызстанға қайтарылды. Оның ішінде оңтүстік америкалық томат күйесі жұққан болгар бұрышы, шабдалы, өрік, алма, алтынтектес нематодасымен картоп, Комсток сымырымен шабдалы мен жүзім кездеседі. Айтылған мерзім аралығында фитосанитарлық куәлігі жарамсыз 142,63 тонна өнімге Қазақстан шекарасы жабылды.

Еске салсақ, ү.ж. 4 мамырында Қазақстан Республикасы фитосанитарлық талаптырды бұзу жағдайы көбеюіне байланысты Қырғыз Республикасынан картоп кіргізуіне ұақытша шектеу қойған болатын.

Осы шешімді қабылдағанға дейін карантиндік заты бар өнімдерді шекарадан өткізу кезінде 79 оқиға орын алды.

Шектеуді алып тастағаннан бастап, яғни 4 шілдеден, Қазақстан Республикасының өсімдіктер қорғау аясындағы 52 заң бұзушылық тіркелген. Оның 41 оқиғасында карантиндік нысандар табылған.

Аталған фактілер бойынша Қырғыз Республикасы Карантин және өсімдіктер қорғау бойынша Ұлттық мекемесіне хабарлама жіберілді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы