Өзара түсіністік қажет

Көрші мемлекеттің ақша бағамы құлдырап, оның салқыны кәсіпкерлерді шарпыды. Шекаралас Солтүстік өңірдегі өндірушілер кірістен гөрі шығындарын есеп­теуге мәжбүр. Сауда сөрелеріне жергілікті өнімді жайғастырудың жыры да түгесілер емес. Тығырықтан шығудың жолдары солтүстікқазақстандық өңдеуші кәсіпорындар мен ірі сауда орындары өкілдері бас қосқан жиында қозғалды.

Теріскейдегі «Сүт одағы» – кәсібі өрге домалаған, өнімде­рін еліміздің басқа қалалары­на да жеткізетін кәсіпорындар­дың бірі. 1922 жылы іргетасы қаланған серіктестікте бүгін­де 220 жұмысшы тер төгеді. Жергілікті шикізатты кәдеге жаратуға бел буған кәсіпорын 7 мың ауылшаруашылық тауар өндірушіден тұрақты түрде сүт сатып алады. Тұтынушылардың дастарханын ақтан арылтпау жолында құрал-жабдықтар жаңғыртылып, жаңа желі­лер іске қосылуда. Алайда көрші мемлекеттегі ва­лютаның кешкен күйі де өн­діріс қарқынына әсер етпей қоймады. Өнімді өткізуде әлек­ке салынған кәсіпкер шығынды есептеуге мәжбүр. Биыл оның көлемі 17 млн.теңгені құраған.

– Егер бұған дейін орташа сатып алу құны шамамен 80- 89 теңге аралығында құбыл­са, қазір оны 60 теңгеге дейін төмендеттік. Бұл баға сүтті өндіруге жұмсалатын шығындарға сәйкес келмей­ді. Көтерме сауданың бағасы да құлдилады. Бірақ әлі де ресейлік әріптестеріміз өн­діретін және сататын бағаға жақындаған жоқпыз. Біздің және көршілес мемлекетте өндіріс айырмасын салыстыруақылға сыймайтынын түсіне­мін. Сондықтан саудаға қа­тысты бір бұйымтайым бар. Сауда сөрелерін тұрақты түр­де толықтыру үшін жұмыс күні ішінде сіздердің сауда нүктелеріңізге қолжетімді­лікті қамтамасыз етулеріңіз­ді сұраймын. Біз өз өніміміз­ді саудалауымыз қажет, – деп «Сүт одағы» ЖШС дирек­торы Александр Кузлякин сауда орындарының иелеріне қарата айтты.

Бар гәп сауда сөрелері­не жергілікті тауардың жол тартуына да тірелетін көрі­неді. Оның деніне өзіміздікі­не қарағанда ресейлік өнім жаулап алған дейді кәсіпке­рлер. Сәйкесінше өндіру­шілер мен сауда орындары арасында да тығыз ынты­мақтастық қажет. Себебі кей сауда нүктелерінде өздерінің өнімдерінің сатылуына қол жеткізе алмай жүрген кәсі­пкерлер бар. «Мясопродукт» ЖШС өткен жылдан бері екі сауда орнымен келісе ал­май дал. СҚО Кәсіпкерлер па латасының дирек­торы Тұрар Ысқақовтың пайымынша, бұл бағытта қос тараптан да өзара түсіністік қажет.

«Біздің кәсіпорындар ­дың коммуналдық, көлік шығындары, жұмысшылар­дың еңбекақысы тәрізді барлық бағыттар бойынша шығындары ресейліктермен салыстыруға келмейді. Түптің түбінде тауар бағасы бәсе­кеге қабілетті емес. Өнімнің өзіндік құны бойынша екі ес­еге жуық ұтылдық. Кесірінен кәсіпорындардың кірістері құлдилаған. Сауда желілері­не кіру мәселелері бойынша да ұтылып отырмыз», – деп күйінді ол.

Сауда сөрелерінде жайғастырылған өнімдердің ішінде тұтынушылар көбі­не өзіміздікінен гөрі өзге­ге басымдық береді. «Бірақ өзіміздің отандық өнімдер одан еш кем емес. Өңірімізге сырттан тасымалданатын ат­тас өніммен салыстырғанда құны сәл қымбат. Бірақ халық отандық тауардың сапалы екеніне көз жеткізген. Бар гәп өнім бағасының арзан­дығына емес, оның құрамына тіреледі. Оның табиғи не жа­санды қоспалар қосылғаны­на баса мән беру керек. Сондықтан техникалық регла­менттің сақталуына баса мән берген абзал. Елімізге жет­кізілген тауарлар алдымен ана тілімізде жазылып, екін­шіден қандай өнімнен жа­салғаны анық көрсетілуі тиіс. Меніңше, сатушылар жағынан да олқылықтар орын алу­да», – дейді СҚО Ауыл ша­руашылығы басқармасы бастығының орынбасары Алтынбек Абдуллаев.

Венера Мұстафина

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы