•  

    Рубрика: Свободная тема |  Просмотры - 1 370

    Өнімділік тұқымның сапасына тікелей тәуелді

    Оны атқамінерлермен қатар диқандар құптайды. Оны іс жүзінде кеңінен жүзеге асыру үшін 2015 жылы тұқымды демеуқаржыландырудың тетігі өзгертілді. Есесіне өнімділігі төмен жаппай репродукцияның көлемін құлдилату көзделіп отыр. Нәтижесінде сұрыпты алмастыру және жаңарту бойынша белгіленген межелер бағындырылатынына үміт артылған.

    news-1447079759-1793_largeТұқым шаруашылығы әлеу­меттік игілік түрінде емес, кәсі­пкерлік ретінде қарастырылуы тиіс. Оған еліміздің бас аграрийі шүбә келтірмейді. Оның уәжіне сүйенсек, атағы жер жаратын Монсанто іспетті әлемдік алпа­уыт компанияларға демеуқар­жы үлестірілмейді. Оны қаперге мықтап алған құзырлы министр­лік мемлекеттік демеудің тетігін өзгертуге бел буған. Бұған дейін диқан элиталық тұқымды енші­лесе, демеуқаржының арқасын­да оның жарты құнын ғана төле­ді. 2015 жылдан бері оны сатып алуды демеуқаржыландырудан бас тарту ұйғарылды. Есесіне енді субсидия бірінші репро­дукциялық тұқым мен бірін­ші ұрпақтағы буданға бағыт­талған. Бар гәп жоғары сұрыпты дәннің тауарлық астық ретін­де сатылуына тіреледі. Сал­дарынан элиталық тұқым­ды көбейту жұмыстарында еш ілгерілеу байқалмаған. Өнімділі­гі жоғары дән егіс алқаптарына сіңірілген, бірақ бұйырған сары алтынның қызығын тұқым ретін­де емес, қаржы түрінде сезінуге бекінгендер басым. Бұл шару­аны дөңгелетуден гөрі кірістің көзіне айналғанын СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы Мемлекеттік тұқым инспек­циясы бөлімінің жетекші­сі Людмила Дайырова да мойындайды.

    - Людмила Васильевна, Солтүстік Қазақстан өңі­рі бойынша жалпы алдағы көктемгі дала жұмыстары­на қажетті тұқымның көлемі қандай? Бүгінде оны толық қамтамасыз етуде және сортты жаңартуда қандай кілтипандар бар?

    – Дәнді, майлы дақылдар және картоп бойынша 490 мың тон­на тұқыммен қамдандық. Оның 15 мың тоннасы майлы дақыл­дарға, 1,4 мыңы жем-шөпке, 2,69 мың тоннасы картопке тие­сілі. Егер дәнді дақылдарды тер­гіштесек, облысымызға жалпы 465 мың тонна тұқым керек. Бүгінде қажеттілік 100% қамта­масыз етілген. Оған тоқмейіл­сімей, сұрыпты алмастыруды қамшыладық. Бар гәп тек сорт­ты жаңартуға тіреледі, әзір­ге облысымыз бойынша оның көрсетшікі 3% тең. Мәселен, 465 мың тонна тұқымның 5%-ын жаппай репродукция құрайды. Қарапайым сөзбен түсіндір­сек, бұл аса жақсы тұқым емес. Бізде бірегей тұқымнан эли­та алынады және одан кейін 1,2,3,4,5 репродукция бар, ал одан өзгесі жаппай деп аталады. Соңғысымен көбіне ұсақ шару­алар қамданған. Бүгінде олар­ды алмастыруға басымдық бері­луде. Сапасыз тұқымнан арылу көзделген. Бұл бағытта жаппай және 4,5 репродукция ныса­наға алынды. Бүгінде еншімізде­гі бірегей тұқымның көлемі 1%, элита 3 пайызға жетеді. Аттес­тацияланған шаруашылықтарда сатуға арналған 1-ші репродук­ция – 10% құрағанымен, егіс науқанына дейін көрсеткішті 20 пайызға жеткізу міндеті тұр. 2-ші репродукцияның көлемі 32%, ал 3-ші репродукция 33 пайыз. Қолымызда бар тұқым­ның 15% – 4 және 5 репро­дукцияға, 5 пайызы жаппай репродукцияға тиесілі. Оларды биылғы егіс науқанына дейін жаңартуды діттеп отырмыз. Бүгінде сұрыпты алмастыру және жаңарту бойынша семи­нар-кеңестер қолға алынып, 1-3 жоғары репродукциялар­ды ұсынатын тұқымды жеткі­зушілермен кездесулер ұйым­дастырылуда.

    - Теріскейлік диқандар тұқыммен қамдануда әлі де көрші мемлекетке ат арыл­та ма әлде жергілікті дәнге сұраныс басым ба?

    5830694- Өткен жылы теңге мен рубльдің арасындағы бағам айырмашылығы есебінен диқан­дар үшін көрші мемлекеттен тұқым сатып алу тиімді еді. Бүгінде жағдай кереғар. Ресей­ліктер дәнді дақылдың 1 тон­насын шамамен 100 мың теңге­ге бағалайды. Бірақ бұл біздің агроқұрылымдардың қалтасын қағады. Есесіне жергілікті тұқым шаруашылықтарының ұсынған бағасы анағұрлым төмен. Мәсе­лен, «Тайынша-астық» ЖШС 1-ші репродукцияның бір тон­насын 90 мың теңгеге сату­да. Сонымен қатар демеуқар­жыландыру деген түсінік бар. Оның арқасында диқан арза­ндатылған бағамен жергілікті тұқымды сатып алады. Мемле­кеттің қолдау нәтижесінде шару­алар үшін тұқымның бір тонна­сы 60 мың теңгеге ұсынылуда.

    Қолдағы мәліметтерді тер­гіштесек, өткен жылы өңіріміз­ден тысқары аумақтардан 5 мың тонна тұқым жеткізілген. Әзір­ге биылғы көрсеткіш 1700 тон­наны құрайды. Егіс науқанынан кейін оның нақты көлемі айқын­далады. Себебі диқанның дені қосымша қаржыны жұмса­мау үшін тұқымды тасымалдау жұмыстарына сәуір айында кірі­седі.

    - Солтүстік қаза­қстандық тұқым шару­ашылықтары жергілікті агроқұрылымдардың қа­жеттілігін толық қамта­масыз ете ала ма?

    – Жергілікті тұқым шару­ашылықтары қажеттілік­ті 100 пайыз қамтамасыз ете­ді. Солтүстік өңірде 2 оригина­тор-шаруашылық қызмет ете­ді. Элитаны ұсыну құқығына тек аттестацияланған 6 тұқым шаруашылығы ие. Ал жоғары репродукцияға жататын тұқым­дарды 31 шаруашылық диқан­дарға сатады. Басқа облыстар­да аттестацияланған субъек­тілер бойынша көрсеткіштер айтарлықтай төмен. Сәйкесінше бізде тұқым шаруашылықтары жетпейді деген мәселе жоқтың қасы. Тек аудандардың бірін­де олардың саны басым бол­са, екіншілерінде атымен жоқ. Мәселен, біреуінде 5 шару­ашылық бар, екіншісінде оның бірі де жоқ. Алайда диқандар тұқым үшін шалғайға ат арыл­тпай, оны өздерінің аудан­дарынан сатып алатын мүмкін­дік ұсынылуы шарт. Бұл мақ­сатты берік ұстанып, тұқым шаруашылықтары құрылмаған бірнеше ауданға бет бұрдық.

    - Тұқым шаруашылығын­да демеуқаржыландыру жүйесі түбегейлі өзгерге­ні мәшһүр. Бұл диқандарды сұрыптың сапасын жақ­сартуға, оны жаңартуға қаншалықты ынталан­дырады?

    – 2015 жылға дейін деме­уқаржы элиталық тұқымға ғана қарастырылды. Енді соны өзге­рістерге сай 1-3 репродукци­яны субсидиялау ұйғарылды. Биыл бекітілген ең төменгі нор­маларды тергіштейік. Оған сәй­кес дәнді дақылдар бойынша бір гектарға шамамен 6 келі 475 грамм тұқымды субсидия­лау қарастырылған. Егер атал­мыш көрсеткішті дәнді себу нормасына бөлсек, онда 4,5 пайыз шығады. Яғни, әрбір шаруашылық жалпы егістік алқабынан 4,5%көлемінде суб­сидия алады. Меніңше, оның енгізілуі өте дұрыс қадам. Оның бағыты дұрыс екендігіне шек келтірмеймін. Себебі бұған дейін мұндай норма атымен жоқ еді. Сәйкесінше диқан элиталық тұқымды сатып алса, оған тие­сілі егістік алқабы толық деме­уқаржыландырылған. Енді сау­атты есептелген норма сорт­ты жаңарту жұмыстарына жаңа серпін береді. Әрбір диқан жоғары сұрыпты тұқымды енші­лесе, берекелі өнімге кенелеті­нін түйсінеді.

    - Бұған дейін элиталық тұқым алқапқа сіңіріл­генімен, жиналған өнім­ді тұқымға қалдырудың орнына тауарлық астық түрінде тапсырылған. Оның салдарынан жоғары сұрыпты дәнді көбейту жұмыстарында белсенділік байқалмаған. Бұл демеуқар­жыландыру жүйесін өзгер­туге мәжбүрледі емес пе?

    – Шаруалар демеуқар­жының арқасында элиталық тұқымды нарықтағы бағамен салыстырғанда 40 пайызға арзан сатып алды. Оны алқа­пқа егіп, бірақ күзде орылған сапалы дәннің барлығын эле­ваторға тапсырған. Тұқымға арналған астық осылайша тау­арлық астық ретінде сатыл­ды. Ел қазынасынан үлестіріл­ген демеуқаржы желге ұшқан­мен тең деуге болады. Барлық шаруашылықтардың көңілі тоқ болғанымен, діттелген сұрыпты жаңарту жұмыстары сиыр құйымшақтанды. Мәселен, біз­дің аймақта сортты жаңар­ту көрсеткіші көңілді көншіт­ті. Себебі агроқұрылымның бірі элиталық тұқымды еншіліп, бар­лық егістік алқабына субсидия алатын. Ал өзгелері үшін қал­таның таяздығынан, оны сатып алу арманға айналған. Енді әрбір шаруашылық жоғары сұрыпты дәнмен қамданбаса, белгіленген 4,5 пайызды еңсе­ру екіталай. Сонымен қатар минералды тыңайтқыштарды демеуқаржыландыру ереже­сіне өзгерістер енгізілді. Енді диқан тұқымның 1 репродукци­ясын сатып алмаса, минералды тыңайтқышқа арналған субси­диядан қағылады.

    Диқандар субсидияланған дәнді егіп, күзде орып, келесі жылға тұқым ретінде қалдыруы тиіс. Бұл сортты жаңартуға жаңа серпін береді. Өз басым осы салада 20 жыл бойы тер төгіп келемін. Меніңше, тұқым­ның бірінші репродукциясына қарастырылған демеуқаржыны ұлғайту қажет. Қолдау гектары­на 6 келіні емес, 20 келіні суб­сидиялауға бағытталғаны жөн.

    - Шынтуайтында, ұсақ шаруашылықтар тұқым­мен күзде қамданбай, көбіне көктемде оны іздеп санда­лады. Бұл ретте бірігудің мәні артатын секілді.

    -Ұсақ шаруашылықтарда көбі­не тұқымды сақтайтын қоймада орын жоқ. Сондықтан жылда көктемде дән іздеп, оны себе­ді. Енді оларды бірігуге өмірдің өзі ынталандырады. Күш-жі­герді бір арнаға тоғыстырса, тұқымның бағасы да қалтаны қақпайды.

    - Тұщымды жауап­тарыңызға рахмет. Қолға алған бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

    Венера Мұстафина

    11.04.2016 ж. жауап

    Опубликовано 29.09.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      12°
      16°
      Ср
      13°
      Чт
      27°
      Пт
      28°
      Сб
      18°
      Вс
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39