•  

    Рубрика: Свободная тема |  Просмотры - 2 118

    Қырғызстанмен шекарадағы ветеринарлық бақылау сақталады

    картинка для большой статьи - копияҚазақ-қырғыз шекарасында тек кедендік бақылаулар алынып тасталды. Ал шекаралық, санитарлық- карантиндік, ветеринарлық, фитосанитарлық қадағалау жұмыстары сақталған. Себебі әзірге Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа мүшесі өз өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қауқарсыз. Бұл жүргізілген тексеру жұмыстарының тоқтамы.

    Кедендік бақылау тоқтатылды

    Биыл Еуразиялық экономика­лық одақтың қатары бір мем­лекетпен толыққанды. Ресми түрде Қырғызстан бірлестік­тің толық мүшесі атанды. Оның шеңберінде ықпалдастықтың тамыры тереңдеп, алыс-бе­рістің құлашы кеңге жайылмақ. Ал айырқалпақты ағайын үшін тұтынушысы 175 млн. жететін ірі нарыққа жол ашық. Оған сәйкес тамыз айының басын­да қазақ-қырғыз шекарасының 8 өткізу бекетіндегі кедендік бақылау тоқтатылды. Бірақ ве­теринарлық бақылау алынбай, сақталып отыр. Оның ахуалын бағамдаған мамандардың уәжі: қырғызстандықтар өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әзір емес.

    – Биылғы сәуір айын ­да ЕАЭО және ЕЭК бірігіп, Қырғызстандағы санитарлық-карантиндік, ветеринар­лық, фитосанитарлық бақыла­удың жағдайын сараптады. Аудит нәтижесінде олар ­ды сақтауға байланысты көр­ші мемлекетке бірқатар шара­лар қолға алу ұсынылды. 17- 20 тамыз аралығында бақыла­удың аталмыш түрлерін жүргізу тұрғысында Қырғызстан ау­мағында қайталама зерттеу жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша оң нәтиже шығарыл­са, онда Еуразиялық экономи­калық комиссия кеңесі аталған қадағалау түрлерін доғарудың мерзімін айқындауы тиіс», – деп мәселенің мән-жайын ҚР Қаржы министрлігі мем­лекеттік кірістер комитеті басқармасының төрағасы Қайрат МАУБАЕВ тергіштеді.

    Аудит заңнамалық базадан бастап материалдық-техни­калық жарақтандырылу, мем­лекеттік құрылым қызметінің тиімділігі, бекеттерде және ел ішінде еңбек ететін маман­дардың біліктілігі іспетті бар­лық бақылау жүйесін түбе­гейлі сараптауды қ амтиды. «Ешбір ықпалдастық басқа мемлекетке залал тигізбе­уі тиіс. Қолданыстағы ветери­нарлық және фитосанитарлық бақылау әуелі біздің мемлекеті­мізді және ЕАЭО қатарындағы көршілерімізді аса қауіпті ка­рантиндік нысандарды кіргізу­ден және таратудан қорғауға бағытталған. Дәл осы мақсат­тарда өзіміздің қызметімізді жалғастырудамыз. Бүгінде бар­лық үш тексеріс те біздің әріп­тестеріміз қауіпсіздіктің тиі­сті деңгейін қамтамасыз ету­ге дайын емес екенін көрсетіп отыр. Оның бір парасы өткізу бекеттерінде қажетті құрал-жа­бдықтардың қамтамасыз етіл­меуіне және жоқтығына, көпте­ген мал індттері бойынша қо­лайсыз жағдайдың қалыпта­суына тіреледі», – деп күйінді ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау ко­митетінің төрағасы Сақташ Хасенов.

    Әуелі қауіпсіздікке кепіл­дік қажет

    Тағылған мінді түзету айыр- қалпақты ағайынның еншісін­де. Бақылаудың сақталу мер­зімі де тек қырғызстандық ма­мандардың біліктілігіне тіре­леді. Олқылықтар жойылып, өнімнің қауіпсіздігі бойынша кү­дік туындамаса, онда мәселенің түйіні тарқатылатын көрінеді. “Олар ветеринарлық бақылау жүйесінің оң бағалануына қан­шалықты тезірек қол жеткіз­се, соншалықты мәселе дұрыс және жедел шешіледі.

    Бірақ Халықаралық эпизоотикалық бюроның нұсқаулығы-ұсынысы бойынша қ андай да бір мал індеті, оның ішін­де аусыл туындағаннан соң, екі жыл өтуі тиіс. Оларда соңғы рет аусыл 2014 жыл­дың тамызында тіркелді. Бір жыл өтті, енді кемінде тағы бір жыл қажет. Қырғызстан кіретін ХЭБ ережесі мемле­кетті аусыл бойынша қо­лайлы деп есептеуге мүм­кіндік бермейді. Біздің ақпарат бойынша өткен жылы Қырғызстан аусыл­дың таралуы бойынша ноти­фикация жасалды. Қазақстан және ЕАЭО-ғы әріптестеріміз үшін ықтимал қауіптің барын ескеріп, Жол картасы шара­лары жоспарының негізінде Қырғыз Республикасының ве­теринарлық бақылау мен қа­дағалау жүйесіне оң баға бе­рілмегенше дейін ветеринарлық бақылау болуы қажет деп ес­ептейміз”, – деп, түйді Сақташ Хасенов.

    Қырғызстандық аққа қызығушылық бар

    Тұңғыш мәрте Орта Азиядағы елдер арасында Қазақстан да усылдан бос аумақ ретінде мойындалған. Оның арқасында алыс-беріске жан бітіруге жол ашық. Отандық тауар өндіруші­лер мал өнімдерін еркін шека­ра асырады. Олар бүгінде өзі­міздің шикізатты ұқсатып отыр. Бірақ айырқалпақты ағайынның ағынан да бас тартпайды. Қайта өңдеуші ретінде оңтүстік өңір­дегі кешендер қырғызстандық сүтке қызығушылық білдіруде.

    – Бүгінгі таң да Қ ырғыз Республикасында бақылау­дан кейін сүтті тасымалдау құқығына ие 7 қайта өңдеу кә­сіпорындары бар. Ет бойынша Қазақстан өзін өзі жеткілік­ті қамтамасыз ететіні белгі­лі. Сәйкесінше әзірге тек сүт өнімдеріне қызығушылық біл­діріп отырмыз. Ал қалғаны Қырғызстандағы біздің әріп­тестерімізге байланысты”, – деп мойындады Ауыл шару­ашылығы министрлігінің өкілі.

    Реэкспортқа жол берілмейді

    Елімізге ЕАЭО техникалық регламенттеріне сәйкес келе­тін өнімдер Қырғызстаннан жол тартпақ. Айырқалпақты ағайын үшінші мемлекеттерден жеткізілген тауарларды арнайы зертханада сүзгіден өткізеді. Кілтипан табылмаса, онда Одақ аймағына айналымға жібереді. Қырғызстандықтарға қажетті техникалық құралдармен қам­дануға қазақстандық әріптесте­рі қол ұшын созуға әзір. «ЕАЭО 35 техникалық регламент күшіне енді. Қырғыз тарабы үшін жеке­леген техникалық регламенттер бойынша оған өту мерзімдері қарастырылған. Одақ аясында жекелеген келісім қабылдан­бақ. Бақылауды қамтамасыз ету бойынша келісім пысықта­луда. Құжат ЕАЭО аумағындағы бірыңғай бақылау ретінде қызмет етпек», – деп жіпке тіз­ді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев.

    Кедендік шекара құрдымға кетіп, қытайлық тауардың қап­тап кету қауіпі бар. Аспан асты елінің өнімдері қырғызстан­дық ретінде ішкі нарығымызға жол тартуы кәдік. Оның ықти­малдығын шенділер де жоққа шығармайды.

    – Қырғызстанның ықпал­дастыққа қосылуында жағымды және жағымсыз тұстар бар. Бұл тауар мен қаржы еркін айнала­тын алаң. Өнімдердің реэкс­портына байланысты Қазақстан нарығына қытай тауарлары қырғыз тауарлары күйінде тасымалдану қауіпі бар. Бірақ біз бұл ретте сараптау, тексе­ру жұмыстарын мықтап қолға алмақпыз. Қырғызстанның ке­денде еңбек ететін әріптестері­мізден қай жерде не рәсімде­ліп жатқанын білеміз. Өз тара­пымыздан белгілі бір шаралар қабылданады, – деп ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс­тер комитеті басқармасының төрағасы Қ айрат Маубаев тергіштеді.

    Венера Мұстафина

    Опубликовано 14.03.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -1°
      -2°
      Пн
      -4°
      Вт
      0°
      Ср
      -2°
      Чт
      -4°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian